Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалымен бірлесіп, 2024 жылдың 26 ақпан күні «Жетекші мектеп қызметі: мәселелер және шешу жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге аудандық, Тараз қалалық оқу-әдістемелік кабинет әдіскерлері, жетекші мектеп директорлары мен директордың орынбасарлары, үйлестірушілер барлығы 70 педагог қатысты.
Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының директоры Г.Тортаева 2023 жылда атқарылған жұмыстың қорытындысы, 2024 жылға мақсаттар мен міндеттер, жетекші мектептің серіктес мектептермен бірлескен жобалау және зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру, жетекші мектептің серіктес мектептермен желілік өзара әрекеттесудің тиімді жолдарын талқылау сұрақтары аясында, ПШО Тараз қаласындағы филиалының аға менеджерлері Ш.Альтаева, А.Джурунова және Байзақ ауданы №4 мектеп-лицейі директорының орынбасары Г.Абанова, Тараз қаласы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектеп директорының орынбасары Г.Идиятова, Меркі ауданы №5 Ақарал мектеп-гимназиясының директордың орынбасары Д.Байтанаева, Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназиясы директорының орынбасары А.Маталиева жетекші мектептің серіктес мектептермен бірлескен жобалау және зерттеушілік жұмыстарын жүзеге асыру, серіктес мектептердің кәсіби қоғамдастығы мұғалімдеріне арналған оқытушылық, педагогикалық тәжірибені тарату шараларын сабақты зерттеу нәтижелеріне негіздеу бойынша тәжірибелерін таратты.

Облыстық семинар өтті

2024 жылдың 22 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен математика, физика пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында «Физика, математика пәндерінен ҰБТ-да қиындық тудыратын тапсырмаларды шығарудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында функционалдық сауаттылық бағытындағы ҰБТ-да кездесетін горизонталь және вертикаль бағыттағы, экскалатормен қозғалыс жасау, жылу балансы, молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін газ заңдарына пайдалану, үшбұрыш, куб, шеңбер, көпжақтар, статистика, логикалық, концентрацияға және проценттік құрамдар тақырыптарына берілген тапсырмаларды шығарудың тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін көрсету бойынша ұсынымдар берілді. Әдістемелік көмек көрсетіліп, педагогтер өзара іс-тәжірибесімен бөлісті, электронды дидактикалық материалдар таратылды.
Аталған іс-шараға облыстың жалпы 534 математика, физика пәндерінің мұғалімдері қатысты.

«Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн вебинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Менторлар мектебі» жобасы аясында ағымдағы жылдың 23 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Іс-әрекеттегі зерттеу - білімді жетілдіруге бағытталған тәсіл» тақырыбында онлайн режимінде вебинар өткізілді.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері практик маманның зерттеу аясы, мәселені шешуде өзіндік көзқарасы мен кәсіби білімді тереңдетіп, дағдыларды жетілдіру, сонымен қатар жұмыс барысында өзгеріс енгізуге бағытталған әрекеттер бойынша тәжірибе алмасты. Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 567 педагог қатысты.

Физика, математика пәндері мұғалімдерінің облыстық шығармашылық байқауы өтті

2024 жылдың 21 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы» РҚБ-мен бірлесе отырып, педагогтердің кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету мақсатында физика, математика пәндері мұғалімдерінің арасында облыстық шығармашылық байқау өткізді.
Жалпы олимпиадалық жоғары деңгейдегі 5 тапсырмадан берілді.
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, статистика элементтері, молекулалы-кинетикалық теорияның негіздері, электр және магнетизм, Ньютонның екінші заңын қолдану арқылы дәлелдеуді қажет ететін тақырыптарға негізделіп берілген тапсырмалар және екі айнымалысы бар теңдеу, көпмүше, теңсіздікті дәлелдеу, көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табу, геометриялық және логикалық есептер қамтылды.
Байқауға облыстан барлығы 153 педагог қатысты

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АЛТЫН ТҰҒЫР» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ОБЛЫСТЫҢ 3 ПЕДАГОГІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

2024 жылғы 22-23 ақпан күндері Астана қаласында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту.
Аталған олимпиадада Жамбыл облысының 3 педагогі жүлделі орындарды иеленсе, 5 педагогі арнайы грамоталармен марапатталды. Олар – Тараз қаласы №42 орта мектебінің мұғалімі И.Волженцева І орынды, Жамбыл ауданы В.Чкалов атындағы орта мектебінің мұғалімі З.Аширова мен Тараз қаласы №27 орта мектебінің мұғалімі А.Юсупова ІІІ орындарды иеленсе, арнайы грамоталармен Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясының мұғалімі А.Аубакирова, Жамбыл ауданы Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі М.Мурзакасымова, Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназиясының мұғалімі С.Рахманбекова, Тараз қаласы №13 орта мектебінің мұғалімі Н.Арипова, Тараз қаласы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің мұғалімі А.Амангелдиева марапатталды.
Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!