Меркі ауданында әдістемелік десант өтті
Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні В.Савва атындағы №9 орта мектебінің базасында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық әдістемелік десант өтті.
Шара мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.
Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері барлығы 267 педагог қатысты.
Секция жұмыстарында қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, Қатысушыларға электронды таратпалы материалдар ұсынылды.