Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың                 12 наурыз күні Жетекші мектептердің пән мұғалімдеріне арналған  «Серіктес мектептерге оқу процесінде критериалды бағалауды енгізуге қолдау көрсету»  тақырыбында тренинг өткізді. Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен семинарға  193 педагог қатысты.

Іс-шара барысында семинар қатысушылары қашықтан білім беру жағдайында оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін факторлар, табысты сабақ критерийлер, оқытудың белсенді әдістері, төңкерілген оқыту әдісі бойынша тәжірибе алмасты. 

Тәжірибе алмасты

 2021 жылдың 11 наурыз күні Түркістан облысы «Адами әлеуетті дамыту басқармасының әдістемелік орталығы» директорының инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары М.Ж.Жансейітқызы мен орталық әдіскерлері Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында іс сапармен облысқа келді.

Түркістандық әріптестер облыстық-оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс бағыттарымен, білім сапасын арттыруға негізделген жобалармен, педагогтардың шеберханасымен, халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстарының жүйесімен, педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудағы ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеудің түрлі тәсілдерімен танысты.

 «Қазақ әдебиеті сабағында М.Әуезовтің «Абай жолы» романын оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

2021 жылдың 5 наурызында  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында «Үздік педагог-2018» байқауының жеңімпазы, Байзақ ауданы, №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ү.Сүгірбекованың  «Қазақ әдебиеті сабағында М.Әуезовтің «Абай жолы» романын оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы  өткізілді.

Іс-шара барысында Ү.Сүгірбекова «Ұстаз – ұлы тұлға» бейнетаспасымен, педагогикалық портфолиосының мазмұнымен, шығармашылық жұмысымен  таныстырды. Көркем туындыны,  оқу-әдебиетті оқытудың негізгі мәселесі, көркем шығарманы оқыту мен талдау жұмыстары туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 198 педагог қатысты.

  

 

Облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 12 наурыз күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлеріне  арналған «Педагогтің әдістемелік қызметі және педагогтерді әдістемелік қолдау» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында әдістемелік іс-әрекеттің мәнін терең түсіндіру, педагогтердің инновациялық іс-әрекетін жоспарлау және іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты 18 әдіскері қамтылды.

 «Внедрение и реализация исследования урока в школьную практику с целью улучшения качества преподавания и обучения»тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

2021 жылдың 12 наурыз күні  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында «Үздік педагог-2015» байқауының жеңімпазы, Т.Рысқұлов ауданы, Б.Момышұлы  атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі С.Скребецтің  «Внедрение и реализация исследования урока в школьную практику с целью улучшения качества преподавания и обучения» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы  өткізілді.

Іс-шара барысында С.Скребец «Ұстаз – мектептің жүрегі»  бейнетаспасымен, педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен, Lesson Study әдісінің мазмұны бойынша ұйымдастырылған жұмыс тәжірибесімен таныстырды. Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері, шығармашылық қабілетін арттыру бағытындағы әдіс-тәсілдер туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 117 педагог қатысты.