Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Геогафия пәнінен  ҰБТ – де кездесетін географиялық есептерді шешу жолдары»  тақырыбында қашықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың  12 сәуір  күні «Геогафия пәнінен  ҰБТ – де кездесетін географиялық есептерді шешу жолдары»  тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға  231  педагог  қатысты.

          Вебинар барысында география сабағындағы оқытудың белсенді әдістері арқылы географиялық есептерді математикалық жолмен шешудің тиімді жолдары   көрсетілді.

Іс-шара барысында материктің көлемін анықтау, профиль түсіру, жылдық жауын-шашын мөлшері, су шығыны, ағыс жылдамдығы, ұзындығы, ылғалдану коэфиценті, өзен еңістігі, халықтың тығыздығы, демографиялық есептеулер, экономикалық даму деңгейі, ауыл шаруашылығына жарамды жер қоры, халықтар тығыздығы, миграция ағымы, халықтың өсімі мысалдар арқылы түсіндірілді. Оқушылардың қабілеттерін дамыту бойынша логикалық ой қозғаудағы әдіс тәсілдерін және ҰБТ-да кездесетін есептердің шығарылуына бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды.   

«Қашықтан оқыту жағдайындағы оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  ағымдағы жылдың  9 сәуір  күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Қашықтан оқыту жағдайындағы оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында онлайн режимінде вебинар өткізді.

Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен вебинарға 258  педагог қатысты.

Іс-шара барысында вебинар қатысушылары қашықтан оқыту кезінде сабақтың мақсатын тұжырымдау және тиімді оқытуды ұйымдастыру,  белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары, төңкерілген оқыту әдісі, Padlet, Jamboard қосалқы интернет жүйесі арқылы жүргізілетін жұмыс түрлері  бойынша тәжірибе алмасты. 

Облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 9 сәуір күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған «Педагогтарға әдістемелік көмек көрсетудің тиімділігі» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне 2021 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №137 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін таныстырып және әрбір іс-шараларға дайындық жұмыстарының жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ, Меркі, Т.Рысқұлов аудандары білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мектепке дейінгі ұйымдарға, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне                      2021 жылдың 9 сәуірінде ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру, әдістемелік көмек көрсету  мақсатында  «Ағылшын тілі пәнінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі»  тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

Іс-шара барысында тәжірибелі педагогтар білім сапасын арттырудың тиімді жолдары, Бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін тапсырмаларды құрастыру алгоритміне, тапсырма құрастыру кезінде мұғалімдердің білуі қажет қағидаттарға тоқталды. Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкестігін, ойлау дағдыларының деңгейлері бағалау критерийлеріне сәйкестігі, толық және қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаға қойылатын  талаптар мен жиынтық бағалаулардың тапсырмаларын құрастыруда сапалы  нәтижеге қол жеткізудің аспектілерін, тапсырмаларды тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды.

Облыстық онлайн семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 282 педагог қатысты. 

ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ

2021 жылдың 9 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім сапасындағы олқылықтарды жою, халықаралық зерттеулерге тиісті деңгейдегі дайындықты ұйымдастыру, педагогтерді ақпараттық-әдістемелік қолдау бойынша аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеті меңгерушілерінің қатысуымен онлайн-кеңес өтті.

          Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілеріне «Оқуға құштар мектеп» жобасын және даталы күндерге іс-шаралар ұйымдастыру, оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және оларды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар, педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру жұмыстары, халықаралық зерттеулер мен қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, жетекші мектептердің жұмысын үйлестіру және білім мекемелерінің педагогтерін әдістемелік қолдау жұмыстарын инновациялық бағытта дамыту бойынша жұмыстардың жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ, Тараз қаласы және Мойынқұм, Сарысу аудандары білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері білім беру ұйымдарына, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.