Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі» тақырыбында облыстық  онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылына арналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2021 жылдың 22 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі» тақырыбында Microsoft Teams  платформасы арқылы облыстық семинар өткізді.

Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты  әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін мекемелердің 5-11 сыныптарға сабақ беретін химия, орыс тілі және тарих пән мұғалімдері, барлығы 292 педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында семинар қатысушылары бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу жолдары, басшылыққа алынатын құжаттар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар түрлері, тест спецификация, қолжетімді нәтижені анықтайтын бағалау құралдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

«Сабақты зерттеу мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде» тақырыбында облыстық  онлайн вебинар өтті

Облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Сабақты зерттеу мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде» тақырыбында Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы облыстық вебинар өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты  әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 300 педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері сабақты зерттеу (Lesson Study)   тәсілінің теориясы, әдіснамасы,  деректерді талдау  мен тәжірибеде туындайтын кейбір мәселелерді шешу жолдары, құнды нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттер бойынша тәжірибе алмасты.  

География пәнінен жас мамандар арасында облыстық олимпиада өтті

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 21 сәуір  күні  география пәнінен сабақ беретін  жас мамандар арасында облыстық олимпиада  өтті.

  Байқаудың мақсаты - дарынды  мұғалімдерді анықтау, жас мамандарға  қолдау көрсету, шығармашылық  қабілетін ынталандыру, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне  әдістемелік көмек көрсету.

         Педагогтар  I  кезеңде (Педагог іс-тәжірибесінен»  (портфолио электронды түрінде),   II  кезеңде  «Жас талап»  (Google  формасы арқылы пән бойынша тест тапсырмаларын орындау), III кезеңде «Ашық сабақ» (сабақтың өзектілігі, ғылымилығы, тәсілдері) бағыттары бойынша теориялық және кәсіби біліктіліктерін қорғады.

 Жамбыл  облысы  әкімдігі  білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинетінің ұйымдастыруымен  2021 жылдың  22  сәуір  күні  білім  беру  ұйымдарының  директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында мектеп  директорларының  тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасарларының  шығармашылық  зертханасы  жобасы аясында «Қашықтан оқыту жағдайында  тәрбие  жұмысын  тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің  инновациялық  жолдары /НЗМ тәжірибесі/» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы  158 педагог  қатысты.  

Іс-шара барысында Жамбыл  ауданы, В.Чкалов атындағы,  Жасөркен  орта мектептерінің озық іс-тәжірибелері таратылды және вебинарға қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер  алды, тиімді  инновациялық  әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты.  

«Қашықтықтан оқытуға арналған онлайн-платформалардың оқу материалдарымен жұмыс істеу әдістемесі»  тақырыбында   семинар-тренинг өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің   бірлескен   іс-шаралар   жоспарына   сәйкес    2021  жылдың     21 сәуір күні білім беру  ұйымдарының   кітапхана    қызметкерлеріне   арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бір бағыты зерделенген, жинақталған тәжірибені жалпы білім беру ұйымдарына тарату және соның ішінде мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру, қазіргі заманауи кітапханаларға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерді игеру, қазіргі кездегі әлемдегі өзгерістерге байланысты қашықтықтан оқу процесін қолдау, сүйемелдеу мақсатында     «Қашықтықтан оқытуға арналған онлайн-платформалардың оқу материалдарымен жұмыс істеу әдістемесі» тақырыбында онлайн режимінде семинар-тренинг өтті.

Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 100 кітапхана  қызметкерлері  қатысты.