Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

Сарысу ауданында мектепке дейінгі ұйымдарда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары өтті 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастырумен 2024 жылдың 26 тамыз күні Сарысу ауданы, "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілері мен әдіскерлеріне, мектепалды сынып педагогтеріне «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шара барысында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының негізгі аспектілері, мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері, сондай-ақ жобаларын мектепке дейінгі ұйымдарға қалай негіздеуге болатынын және жылдық жоспарда жүзеге асыру жолдары жан-жақты талқыланды. Қатысушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылу жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды және электронды таратпалы материалдар берілді. Іс-шара барысында 78 мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен әдіскерлері, мектепалды сынып педагогтері қамтылды.

  

Шу ауданында мектепке дейінгі ұйымдарда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары өтті 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастырумен 2024 жылдың 22 тамыз күні Шу ауданы, "Мөлдір" бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілері мен әдіскерлеріне «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шара барысында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының негізгі аспектілері, мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері, сондай-ақ жобаларын мектепке дейінгі ұйымдарға қалай негіздеуге болатынын және жылдық жоспарда жүзеге асыру жолдары жан-жақты талқыланды. Қатысушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылу жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды және электронды таратпалы материалдар берілді. Іс-шара барысында 61 мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен әдіскерлері қамтылды.

   

Қордай ауданында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі” тақырыбында оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастырумен 2024 жылдың 23 тамыз күні Қордай ауданы Мәдениет үйінде мектеп директорларына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары онлайн және офлайн режимінде өтті. Барлығы 600 -ге жуық педагог қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың екінші отырысында өскелең ұрпақтың тәрбиесін күшейту, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтар аясында келешек ұрпақтың санасын әділдікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа баулуды тапсырған. Аталған бағдарлама 2023 жылы оқу-тәбие процесіне енгізіліп, Мемлекет басшысының биылғы Ұлттық Құрылтайда айтып өткен құндылықтарына сәйкес толықтырылды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұнын каскадты оқыту әдісімен таныстырылды. Қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне дайын азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеу «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштағанымен сабақтасады. Бұл әрбір азамат өзінің маңыздылығын, жауапкершілігін және ортақ іске қосқан үлесін сезінетін әділетті, дамыған және инновациялық қоғам құруға мүмкіндік береді. Аталған идеялар мен құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) негізіне айналады. Бағдарлама құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдері негізінде білім алушы тұлғасын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі мақсат пен міндеттерді айқындайды. Қатысушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы құндылыққа бағдарланған өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзектілігі мен маңыздылығы туралы тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды және электронды таратпалы материалдар берілді.

   

Сарысу ауданында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі” тақырыбында оқыту семинары өтті 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастырумен 2024 жылдың 23 тамыз күні Сарысу ауданы Мәдениет үйінде мектеп директорларына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары онлайн және офлайн режимінде өтті. Барлығы 300 -ге жуық педагог қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың екінші отырысында өскелең ұрпақтың тәрбиесін күшейту, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтар аясында келешек ұрпақтың санасын әділдікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа баулуды тапсырған. Аталған бағдарлама 2023 жылы оқу-тәбие процесіне енгізіліп, Мемлекет басшысының биылғы Ұлттық Құрылтайда айтып өткен құндылықтарына сәйкес толықтырылды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұнын каскадты оқыту әдісімен таныстырылды. Қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне дайын азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеу «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштағанымен сабақтасады. Бұл әрбір азамат өзінің маңыздылығын, жауапкершілігін және ортақ іске қосқан үлесін сезінетін әділетті, дамыған және инновациялық қоғам құруға мүмкіндік береді. Аталған идеялар мен құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) негізіне айналады. Бағдарлама құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдері негізінде білім алушы тұлғасын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі мақсат пен міндеттерді айқындайды. Қатысушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы құндылыққа бағдарланған өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзектілігі мен маңыздылығы туралы тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды және электронды таратпалы материалдар берілді.

   

Облыстағы 445 мектеп басшылары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін семинар-кеңес өтті.

Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні «2024-2025 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспарларын әзірлеудің нормативтік құқықтық негіздері» тақырыбындағы өңірлік семинар-кеңесте жаңа оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспарларын құрастырудың нормативтік-құқықтық негіздері қарастырылып, жұмыстық оқу жоспарларына қойылатын талаптары талқыланды. Семинар-кеңес жұмысына облыстағы 44 мектеп басшылары мен директордың орынбасарлары қатысты. Семинар барысында 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және т.б., Заңдарды және басқа да заңнама актілерін басшылыққа алуы тиісті екендігі туралы нұсқаулық берілді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардын талаптарын сақталуы туралы айтылды. Облыстағы 9 гимназия, 27 мектеп-гимназиялар мен 14 мектеп-лицейлердің жұмыстық оқу жоспарларын құру ережелері, ҚР «Білім туралы» заңының 1 тараудың 18 және 40 тармақтарына сәйкес гимназия мектептерінде «білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны», ал лицей мектептері «білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны» деп көрсетілгені туралы айтылды. Мектептердің білім беру процесі, сабақ кестелерінің рәсімделуі, екі топқа бөлініуі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалардың «Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында реттелгені туралы ақпарат берілді. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының «Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 97 тармағына сәйкес Тірек мектебі мен магниттік ШЖМ-ның оқу қызметі тірек мектебі (ресурстық орталық) мен магниттік мектептердің бірлескен педагогикалық кеңесінде бекітіліп, бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылатыны туралы ақпарат берілді. Ал ШЖМ-дің оқу процесін ұйымдастыру мәселелрі аталған қағидалардың 96 тармағына сәйкес реттелетіні туралы айтылды. Семинар-кеңес соңында кері байланыс жүргізіліп, оқу жылының жұмысын жүйелі ұйымдастру мәселелері талқыланды.