«9, 11-сыныптарда пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» атты информатика пәнінің мұғалімдеріне облыстық оқыту семинары өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 мамыр күні «9,11 сыныптардың қорытынды аттестаттауын бағалау, ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында информатика пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.
Іс-шара барысында 9, 11 сыныптарға сабақ беретін педагогтерге информатика пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері, спецификация, емтихан жұмыстарының сипаттамасы, балл қою кестесі, тапсырма үлгілері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің информатика пәні әдіскерлері мен мұғалімдері, барлығы 100 педагог қатысты.