«Жазғы мектеп» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті
2018 жылдың 15 қазанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім–Инновация» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері «Қазақ тілі пәнін оқытуда Smart-технологияларды тиімді қолдану тәсілдері», «Білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы негізгі басымдықтар» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 945 педагогі қамтылды.