Облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 қазан күні Тараз қаласы, № 25 орта мектептің базасында «Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті. Аталған іс-шараға 40 педагог қатысты. Семинар барысында мектеп базасындағы білім алып жатқан оқушылармен жұмыс жасайтын дефектолог мамандардың, педагог-ассистенттің жұмысымен танысып, тәжірибе алмасу сабақтары көрсетілді. Ресурстық орталықтың жұмысы көрсетіліп, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын арнайы мамандардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын білім берудегі мазмұнға қарай өзгерту, бағалау тәсілдері түсіндірілді.