Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Система работы по подготовке учащихся к ЕНТ по русскому языку и литературе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2023 жылдың 24 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық семинар-практикум өтіп, Ұлттық Бірыңғай тестілеудің жаңа форматы, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру жолдары, мәтінмен жұмыс түрлері бойынша ақпарат ұсынылып, дидактикалық материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 240 педагог қатысты.

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ӨТЕТІН БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ
2023 жылдың 24 қазанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қаласы білім бөлімдерінің әдістемелік кабинетінің меңгерушілерімен білім беру мекемелерін мемлекеттік аттестаттау нәтижелерінің қорытындысы бойынша облыстық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ш.Усерова Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қазан айында жүргізген мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша мемлекеттік аттестаттау өлшемшарттарына сәйкес келмейтін білім беру ұйымдары және жіберілген кемшіліктер туралы, олардың алдағы уақытта нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етуге баса назар аудару қажеттігін айтты.
Кеңеске қатысушыларға мемлекеттік аттестаттау нәтижелерінің деңгейін арттыру бойынша әрі қарай бірлескен жұмыстарды жүргізу бағытында ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетіліп, дайындық жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуы бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

«Қазіргі білім беру жағдайында бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2023 жылдың 20 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру мақсатында «Қазіргі білім беру жағдайында бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі» тақырыбында онлайн режимінде семинары өтті.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 217 педагог қызметкер қатысты.
Іс-шара барысында мемлекеттік аттестациядан өтетін және «1000 мектеп» жобасына енген жалпы орта білім беретін мекемелердің бастауыш сынып мұғалімдері білім беру жүйесіндегі жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі, сабақты жоспарлау және мұғалімнің дайындалу кезеңдері, табысты сабақ жоспарының критерийлері, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар үлгілері бойынша тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушылар электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

ШУ АУДАНЫ МЕН ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 қазан күні мектепалды сынып педагогтеріне арналған «Мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Аталған іс-шараға Шу ауданы мен Тараз қаласының білім бөлімдерінің әдіскерлері және мектепалды сынып педагогтері, барлығы 98 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда педагогтің атқаратын міндеттері, заттық-дамытушы ортаны құру, оны қызығушылық орталықтарына бөлу, тәрбиелеу білім беру процесін, күн тәртібін, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«СабақTime» жобасы аясында «География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдер» атты облыстық ашық сабақтар циклі өтті

Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 қазан күні облыстық тәжірибелі география пәнінің педагогтері Байзақ ауданы, Көктал орта мектебінің базасында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шараның теориялық бөлімінде «География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында пәнді оқытудағы негізгі мәселелері мен білім сапасын арттырудың тиімді жолдары, жалпы географиялық заңдылықтары туралы білімді дамыту бағытында қолданылатын оқытудың белсенді әдістері, оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттырудың жолдары, білім сапасын арттыру бағытында жүргізілетін тиімді әдіс-тәсілдердің бағыттары көрсетілді.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақтарға қатысып, оқыту үдерісінде оқушылардың білім сапасын арттырудың жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға 47 педагог қатысты.