ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі» аяқталды

Ағымдағы жылдың  10-11 мамыр күндері Жамбыл облысында 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі Меркі ауданы, Т.Рысқұлов атындағы №20 орта мектебі мен Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясында, Т.Рысқұлов ауданы, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде өткізіліп, халықаралық зерттеу аяқталды. Зерттеу барысында оқушылардан математика-жаратылыстану бағыты бойынша тест тапсырмалары мен сауалнамалар алынды. 4 сыныптың 97 ата-анасы оқушылардың математика және жаратылыстану пәндерінен даярлықтарын бағалау мақсатында жүргізілген сауалнамаға қатысты. Зерттеуге барлығы 182 оқушы қамтылды.

 «TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі» жалғасуда

Ағымдағы жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі Талас ауданының мектеп-лицейінде жалғасты. Зерттеу барысында математика-жаратылыстану бағыты бойынша оқушылардан тест тапсырмалары мен сауалнамалар алынды, зерттеуге барлығы 53 оқушы қамтылды. Халықаралық зерттеу барысында оқушылардың математика және жаратылыстану пәндері бойынша даярлықтарын бағалау мақсатында 4 сыныптың 21 ата-анасынан сауалнама алынды.

«TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі» жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 3-4 мамыр күндері Жамбыл облысында 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі Байзақ ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебі мен Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында, Мойынқұм ауданы В.Терешкова атындағы шағын жинақталған мектебінде өткізілді. Халықаралық зерттеу барысында оқушылардан математика-жаратылыстану бағыты бойынша тест тапсырмалары мен сауалнамалар алынды. 4 сыныптың ата-аналары сауалнамаға қатысты.  Зерттеуге барлығы 93 оқушы қамтылды.

 «Мектепке дейінгі ерте жастағы топтарда пәндік-дамытушы ортасын құрудың маңызы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2019 жылдың 3 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Меркі ауданы, «Ертөстік» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері үшін облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум барысында көрмелер, ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері және тренингтер жүргізілді. Ерте жастағы топтарда пәндік-дамытушы ортасын құрудың ерекшеліктері бойынша тұжырымды пікірлер ортаға салынып, электронды таратпалы материалдар берілді.

Аталған іс-шараға облыс бойынша  85 педагог қамтылды.   

Облыстық «Латын графикасына көшу жағдайындағы қазақ тілі әліпбиі: тарихы, құрылымы және емлесі» тақырыбындағы мұғалімдер арасында эссе жазу байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 30 сәуірінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлелерін (әріптердің емлесі, түбір сөздердің емлесі, қосымшалардың жалғануы, бөлек жазылатын сөздердің емлесі, бірге жазылатын сөздердің емлесі, дефиспен жазылатын сөздердің емлесі, бас әріптің емлесі,  қысқарған сөздердің емлесі, кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздер, сөздердің тасымалдануы) және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  эссе жазу талаптарын меңгергендігін анықтау мақсатында эссе жазу байқауы өткізілді.

«Латын графикасына көшу жағдайындағы қазақ тілі әліпбиі: тарихы, құрылымы және емлесі» тақырыбындағы мұғалімдер арасында эссе жазу байқауына аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 32 мұғалім қатысты.