ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«Лидерские качества учителя как фактор успешной профессиональной деятельности» тақырыбында облыстық вебинар өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың   15 қаңтар күні «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында республикалық  республикалық «Үздік педагог-2017» байқауының жеңімпазы Тараз қаласы Ә.Бөкейханов атындағы                                            №1 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Г.Р.Помашеваның «Лидерские качества учителя как фактор успешной профессиональной деятельности» тақырыбында ZOOM платформасында облыстық вебинар өтті.

Вебинарда Г.Помашева педагогтің кәсіби электрондық және онлайн портфолиосын құру, ол үшін қолданылатын бағдарламалар туралы, сонымен қатар «Педагогтердің көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу (тренингтер)» авторлық бағдарламасын таныстырды.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 139 педагог қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

          2021 жылдың  15 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық үштілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған  мектептің және  облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған «Дарын»  мектеп-интернатының тәжірибелі мұғалімдері « Алгоритм разработки заданий для СОР и СОЧ  по химии», «Химия пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі » тақырыптарында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн  режимінде семинар өтті.

Аталған іс-шараға облыстың  190  химия пәні мұғалімдері қатысты.

 

"Lesson study-тәсілінің  сабақты тиімді жоспарлауға ықпалы" тақырыбында онлайн режимде шеберлік сынып өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылына арналған жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына  трансляциялау бойынша  іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында          2021 жылдың 14 қаңтар күні "Lesson study-тәсілінің  сабақты тиімді жоспарлауға ықпалы" тақырыбында онлайн режимде шеберлік сынып өткізді. ZOOM платформасы арқылы өткен шеберлік сыныпқа 105 педагог қатысты.

Іс-шара барысында Жетекші мектептерде сабақты зерттеуді ұйымдастырып, өткізудің әдістемесі түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар орындалды.

«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында тренинг өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың   15 қаңтар күні «Ауыл мектебі» жобасына енген Байзақ ауданы, Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің мұғалімдеріне  арналған «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында тренинг өткізді. Zoom  платформасы арқылы өткен тренингке   54 педагог қатысты.

Іс-шара барысында тренинг қатысушылары табысты сабақ критерийлер, оқытудың белсенді әдістері, оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін факторлар, оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру нысандары бойынша тәжірибе алмасты. 

Қостанай облысының білім беру ұйымдарының басшыларына тәжірибе алмасу вебинары өтті.

 2021 жылдың 13 қаңтар күні Қостанай облысының білім қызметкерлері үшін «TIMSS халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, халықаралық зерттеулер бойынша облыстық координатор Ш.Жамалбекова тәжірибелік таныстырылым арқылы TIMSS халықаралық зерттеуі бойынша ұйымдастырылған жұмыстардың ерекшеліктеріне, оқушылардың математикалық, жаратылыстану сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ  TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне қатысқан Тараз қаласы № 24 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі О.Витюгова, математика пәнінің мұғалімі С.Достовалова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған вебинарға Қостанай облысының 36 педагогі қатысты.

Іс-шара барысында Қостанай облыстық білім басқармасының әдістемелік сүйемелдеу орталығының білім беру мазмұнын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы З.Садвакасова халықаралық зерттеулер бойынша ашық диалогтық алаңда іс-тәжірибе алмасу бағытында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұжымына алғыстарын білдірді.