ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Ақтөбе облысының педагогтарымен тәжірибе алмасу вебинары өтті.

                 2021 жылдың 21 қаңтар күні Ақтөбе облысының білім қызметкерлері үшін «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, халықаралық зерттеулер бойынша облыстық координатор Ш.Жамалбекова тәжірибелік таныстырылым арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Вебинар барысында Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 гимназияның, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның, Т.Рысқұлов ауданы №3 орта мектептің пән мұғалімдері математикалық, жаратылыстану және оқу  сауаттылықтары бойынша тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын көрсетті.

Аталған вебинарға Ақтөбе облысының 300 мектеп директорлары, облыстық (аудандық) әдістемелік кабинеттердің зерттеуге жауапты тұлғалары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының м.а Д.Ұ.Жаманбаева, мектепке дейінгі  және жалпы орта білім беру бөлімінің жетекшісі Г.К.Нукеева  халықаралық зерттеулер бойынша ашық диалогтық алаңда іс-тәжірибе алмасу бағытында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұжымына алғыстарын білдірді.

«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында тренинг өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың   22 қаңтар күні «Ауыл мектебі» жобасына енген Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында тренинг өткізді.  Zoom  платформасы арқылы өткен тренингке   54 педагог қатысты.

Іс-шара барысында тренинг қатысушылары табысты сабақ критерийлер, оқытудың белсенді әдістері, оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін факторлар, топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары, оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру нысандары бойынша тәжірибе алмасты.

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне 2021 жылдың 22 қаңтарында қашықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

Іс-шара барысында тәжірибелі педагогтар білім сапасын арттыруда оқу сауаттылығының маңызын, оқу сауаттылығында кездесетін күрделі мәтіндердің шешімін табудың жолдарын, тапсырмаларды тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Оқу сауаттылығына дайындаудың тиімді жолдарын анықтап, оқу сауаттылығын бағалаудың           үш негізгі өлшеміне тоқталды.

            Облыстық онлайн семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 182 педагог қатысты. 

ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ  ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың   21 қаңтар күні Жетекші мектептердің жұмысына жауапты әдіскерлеріне арналған «Жетекші мектеп: дамудың перспективті жоспары» тақырыбында онлайн режимінде дөңгелек үстел өтті.

Облыстық іс-шараға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің  жауапты әдіскерлері, Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директордың орынбасары, Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкерлері, барлығы 41 білім қызметкерлері қатысты.

          Іс-шара барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін жалпы орта мектептерге тарату барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталықтың қызметкерлері Жетекші мектептер мен серіктес мектептердің және кәсіби ынтымақтастықтағы серіктес мектептердің даму мүмкіндігіндегі инновациялық идеялар туралы диалогтік алаң  өткізіліп, мектеп директорлары жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектептің даму жоспарының тиімді құрылуы бойынша фасилитациялық сессия барысында тиімді  іс-тәжірибелермен пікір алмасты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

          2021 жылдың  18 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында   Айша бибі атындағы облыстық дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған   «Білім-Инновация» лицей-интернатының тәжірбиелі  мұғалімі               Бекбаева Гулим Кисенбаевна «PhET интерактивті модельдеу»                      тақырыбында  биология пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн  режимінде семинар өтті.

Іс-шара барысында  интерактивті модельдеу әдісі бойынша,  PhET вебсайтын қолдануды меңгерудің  әдіс тәсілдерінің түрлі  жолдарын көрсетті.                         Аталған іс-шараға облыстың 96 биология  пәнінің мұғалімдері қатысты