ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен даналықтың жауһары, даралықтың тарланы, ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, өмір жолын, шығармаларын насихаттау, еңбектерін зерттеу мақсатында «Ж.Жабаев шығармаларын жаңаша оқытудың инновациялық әдістемесі мен өзекті мәселелері» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық тәжірибе алмасу алаңы өтті.

Іс-шараға облысымыздағы Ж.Жабаев атындағы мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, ақын шығармаларын оқыту бойынша қысқа мерзімді жоспарларын ұсынды. Тәжірибелі мұғалімдер Жамбыл Жабаевтың ақындық шеберлігі мен өзіндік ерекшелігін ашып көрсетті. Өлеңдеріне әдеби талдау жасай отырып, оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу қажеттігіне тоқталды.

          Облысымыздың тәжірибелі ұстаздары Жамбыл жырлары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негіздерін атап көрсетті.

Облыстық тәжірибе алмасу алаңына аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 109 педагог қатысты. 

«Физика пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе.Ұсыныс.» тақырыбында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық вебинар өтті.

         2021 жылдың 30 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің физика пәнінің бірлестік жетекшілері мен мұғалімдеріне арналған «Физика пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе.Ұсыныс. » тақырыбында облыстық вебинар өтті.

      Вебинардың мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұны аясында физика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру.

      Іс шара барысында әдістемелік пән бірлестігінің жұмысы, мазмұны,  міндеттері, шығармашылық топтың жұмысы, озық тәжірибе, дарынды балалармен жұмыс, тәлімгерлік, жас мамандармен жұмыс жүргізу бағыттары және оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұнын жетілдіру бойынша тиімді ұйымдастыруда әдістемелік ұсынымдар беріліп, педагогтар өзара                             іс- тәжірибесімен бөлісті.                                                                                                                        

      Аталған іс-шараға облыстың 147 физика пәнінің мұғалімдері     қатысты.    

Облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 30 сәуір күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқытуды дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері мен перспективалары» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында Жуалы ауданы мен Тараз қаласының білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мектепке дейінгі ұйымдарға, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың  30 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдерінің  облыстық олимпиадасы Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы  өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты облыс педагогтарының инновациялық педагогикалық тәжірибелерін анықтау және насихаттау, бастауыш сыныптың  жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту сабақтарының тиімді бейнеүзінділерінің банкін құру, білім жүйесінде бастауыш сынып  мұғалімдерінің жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру.     Олимпиадаға аудандар мен  Тараз қаласынан барлығы  11 педагог қатысты. Олимпиада 3 кезең  бойынша  өткізілді. Мұғалімдер I  кезеңде Google  формасы арқылы тест тапсырмаларын орындаса, II кезеңде электронды портфолиоларын,  III кезеңде бейнесабақтарын қорғады.

Нәтижесінде, І орынды Меркі ауданы, №5 Ақарал  мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі  Ш.Ермаханбетова, ІІ орындарды Жамбыл ауданы,  Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Д.Сидикова,  Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы  мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі З.Кожахметова, ІІІ орындарды Т.Рысқұлов ауданы, №1 мектеп-лицейінің  бастауыш сынып мұғалімі Ж.Серкебаева, Тараз қаласы, №8 Төле би атындағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі  А.Мырзабекова иеленді.

«Қазақстан – болашақ архитектор көзімен» атты сәулеттік макет, «Жас өнертапқыштар» атты байқаулары өтті

       2021 жылдың 28 – 29 сәуір күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында 7 – 11 сынып оқушылары арасында облыстық «Қазақстан – болашақ архитектор көзімен» атты сәулеттік макет, «Жас өнертапқыштар» атты байқаулары өтті.

       Байқаудың мақсаты - жас ұрпақтың бойында туған еліне, Отанына, ел татулығына, мемлекеттің экономикалық көркеюіне бағытталған және жаhандану жағдайы туралы түсінікті қалыптастыру болды. Жалпы облыстық байқауға облыс бойынша 65 оқушы қамтылды. Облыстық кезеңге іріктелген жұмыстарды жарияланған тақырыптың мазмұнына сәйкестігі, тақырыптың ашу деңгейі, шығармашылық талғамы, композициясы, техникасы, сапалық және эстетикалық талапқа сәйкестігі бойынша бағаланып, жеңімпаздар анықталды.