ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Облыс педагогтері «Европа - Азия» атты республикалық туристік фестивалінде жеңімпаз атанды.

2023 жылдың 21-23 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында «Европа-Азия» Республикалық туристік фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты - педагогтердің туристік және кәсіби шеберліктерін шыңдау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, білім қызметкерлері арасында туристік-өлкетану қызметі бойынша озық тәжірибені айқындау және насихаттау.
Аталған іс-шараға облыстан 6 педагогтен құралған 1 команда қатысты.
«Техникалық» қашықтығы («А», «В» тобы), - «Байлам» қашықтығы («А», «В» тобы), - «Өткелдер» қашықтығы («А», «В» тобы), - «Спорттық лабиринт» қашықтығы, - «Фрироуп» қашықтығы («Б» тобы), - «Жеке» қашықтық («А» тобы).
Республикалық фестивальде Жамбыл облысы педагогтерінің командасы «Спорттық лабиринт» қашықтығы бойынша III орынды, футбол ойынында I орынды, волейбол ойынында III орынды иеленді.
Педагогтер командасын жеңістерімен құттықтаймыз.

«Балаларды адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу, репродуктивті денсаулығын нығайту және құқықтық тәрбие беру» тақырыбында облыстық шеберхана жұмысы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 26 қыркүйек күні аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған «Балаларды адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу, репродуктивті денсаулығын нығайту және құқықтық тәрбие беру» тақырыбында облыстық шеберлік зертхана жұмысы өткізілді, барлығы 121 педагог қатысты.
Іс-шара барысында Тараз қаласының педагог-психологтарының «Репродуктивті денсаулықтың алдын алу бойынша мектептегі жұмыстарды ұйымдастыру», «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы және ерте жүктіліктің алдын-алу іс шаралары», «Репродуктивті денсаулықтың алдын алу барысындағы психологиялық анықтау және түзету жұмыстары», «Социально-психологическая работа по профилактике репродуктивного здоровья подростков», «Репродуктивтік саулықты сақтау мен өзін - өзі сақтау дағдылары» тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалды. Мамандар ойын, тренингтер жүргізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар білім беру ұйымдарында репродуктивті денсаулықтың алдын алу бағыты бойынша мектепте жүргізілетін жұмыстарды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.

ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2023 жылдың 22 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығы мен Қордай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен этносаралық қатынастар саласындағы кешенді тәсілді қамтамасыз ету жөніндегі 2023 жылға арналған ведомствоаралық жоспарға сәйкес, өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен Қордай ауданының педагогтері мен 9-11 сынып оқушыларына арналған облыстық вебинар өтті.
Вебинар барысында педагогтер мен білім алушылар арасында толерантты көзқарасты қалыптастыру, түрлі мәдениеттер мен полиэтникалық қазақстандық қоғамдастық тарихына құрмет көрсету бойынша ой-пікірлер айтылды.
Іс-шараға барлығы 44 педагог, 500 оқушы қатысты.

«М.Жұмабаев шығармалары мен әдеби мұраларын талдаудағы жаңашылдық» атты республикалық дөңгелек үстелі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылы 26 қыркүйегінде «М.Жұмабаев шығармалары мен әдеби мұраларын талдаудағы жаңашылдық» атты республикалық дөңгелек үстелі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ақын шығармаларын насихаттауды жандандыру, шығармашылық мұрасын оқыту барысында жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Республикалық дөңгелек үстелінің спикері Шымкент қаласы, №133 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақып Гүлдана Хабибуллақызы «М.Жұмабаев шығармаларындағы түркішілдік сарын» тақырыбында ой бөлісіп, танымдық сипатына талдау жасады. Іс-шара барысында облысымыздың тәжірибелі педагогтері Мағжанның қазақ лирикасындағы орны, ақынның еңбектеріндегі жалпыадамзаттық құндылықтарға, гуманистік, демократтық көзқарастарына шолу жасады.
Мағжан педагогикасының бүгінгі білім беру жүйесімен байланысының маңыздылығы және поэмаларындағы ұрпақтар сабақтастығы, өлеңдеріндегі патриотизм мен жаңаша көзқарас тұрғысынан ой бөлісті. Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Сарытомар ауылындағы «Мағжан Жұмабаев мұражайына» онлайн саяхат жасалды.
Республикалық дөңгелек үстеліне 275 (62 педагог оффлайн, 213 педагог онлайн) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
#Мағжан130

«ҰБТ-2023» ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

2023 жылдың 22 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында «Білім сапасын сыртқы бағалау: ҰБТ-дің тақырыптық талдауы», «Мектепішілік бақылау жоспарының жүйелі және сапалы жүргізілуі» тақырыптарында облыстық кеңес өтті.
Облыстық кеңеске Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р.Емелбаев, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Д.Ускумбаева, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.Өмірбек, облыстық оқу-әдістемелік орталықтың әдіскерлері, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің басшылары, ҰБТ-ге жауапты мамандар, әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 500 педагог қызметкер қатысты.
Кеңес барысында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы кеңеске қатысушыларға 2023 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша толық ақпарат берді. Іс-шараға қатысушылар мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек алды.