ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 қазан күні Тараз қаласы, № 25 орта мектептің базасында «Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті. Аталған іс-шараға 40 педагог қатысты. Семинар барысында мектеп базасындағы білім алып жатқан оқушылармен жұмыс жасайтын дефектолог мамандардың, педагог-ассистенттің жұмысымен танысып, тәжірибе алмасу сабақтары көрсетілді. Ресурстық орталықтың жұмысы көрсетіліп, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын арнайы мамандардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын білім берудегі мазмұнға қарай өзгерту, бағалау тәсілдері түсіндірілді.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 17.08.2023 жылғы №5-04/4977 хатына сәйкес, 2023 жылдың 20 қазан күні білім беру ұйымдарындағы мектепалды сынып педагогтеріне арналған “Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» тақырыбында әдістемелік семинары өткізілді. Аталған іс-шараға 67 педагог қатысты.
✅Іс-шара барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылап, біліктілін арттырды. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұла бойына шоғырланған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-психологиялық жұмыстың негізгі функциялары» тақырыбында облыстық шеберлік зертхана жұмысы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 18 қазан күні аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлеріне, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған «Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-психологиялық жұмыстың негізгі функциялары» тақырыбында облыстық шеберлік зертхана жұмысы өткізілді, барлығы 157 педагог қатысты.
Іс-шара барысында педагогтер Сарысу ауданының педагог-психологтарының «Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-психологиялық жұмыстың негізгі функциялары» (теория), «Үлгерімі төмен білім алушылардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін дамыту» (шығармашылық жұмыс), «Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі функциялары» (коучинг), «Жалпы білім алушылардың әлеуметтік-психологиялық әлеуеті негізінде арт терапияның маңызы» (практикалық жұмыс) тақырыптарындағы іс-тәжірибелерімен танысты. Қатысушылар білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік, психологиялық қызметтің ерекшеліктері, атқаратын негізгі функциялары туралы және оларды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 17.08.2023 жылғы №5-04/4977 хатына сәйкес, 2023 жылдың 20 қазан күні Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған “Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» тақырыбында әдістемелік семинары өткізілді. Аталған іс-шараға 24 педагог қатысты.
✅Іс-шара барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылап, біліктілін арттырды. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұла бойына шоғырланған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп жұмысын жүйелі жоспарлау бойынша мектеп директорларының тәжірибелерін көрсету, ақпараттық-әдістемелік көмектер ұсыну мақсатында 2023 жылдың 19 қазанында «Персоналды басқарудағы кадрлар қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға мектеп директорының орынбасарлары, педагогтер, барлығы 150 адам қатысты.
Облыстық семинар-кеңес барысында білім беру ұйымдары директорының орынбасарларына мектеп басшысының функционалдық міндеттері, педагогикалық әдеп қағидалары, мектепті басқару бағытындағы нормативтік құжаттары, мектеп жұмысын жоспарлау жұмыстары, мектепішілік бақылаудың бағыттары мен сапалы орындалуы, білім сапасын арттыру жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі, басқарушылық және инновациялық құзіреттілігі туралы директор орынбасарларына кеңінен ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.