«Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: тәжірибе және мүмкіндіктер» атты облыстық семинар-практикум өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 ақпан күні «Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: тәжірибе және мүмкіндіктер» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум Байзақ ауданы Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының базасында өтті.
Іс-шара барысында функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырма түрлерімен жұмыс, білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау, білім берудің сапасын арттыруда, тілдік дағдыларды меңгертуде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңыздылығы туралы айтылды. Ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып кестелермен жұмыс, тірек-сызбаларды қолдану, тест тапсырмаларымен жұмыс түрлері көрсетілді.
Педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Облыстық семинар-практикумға 157 педагог қатысты.