Талас ауданында әдістемелік десант өтті
Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығы мен оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылдың 21 ақпан күні Балалар өнер мектебінің базасында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық әдістемелік десант өтті.
Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, психолог), барлығы 298 педагог қатысты.
Секция жұмыстарында қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.