Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

Тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) жұмысын жандандыру

2018 жылдың 30 наурыз күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Тірек мектептерінде (ресурстық орталықтарында) оқу–тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар-практикум барысында Жуалы ауданындағы Ақтөбе тірек мектебінде (ресурстық орталығында) оқушыларды әлеуметтендіру, Байзақ ауданындағы Дихан тірек мектебіндегі  оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту, Шу ауданындағы М.Мақатаев атындағы тірек мектебіндегі желілік жағдайында оқу үдерісін технологизациялау арқылы білім сапасын қамтамасыз ету тәжірибелері ұсынылып,  туындаған мәселелер, ұсыныстар, ескертулер талқыланды.
Т.Рысқұлов ауданындағы М.Әуезов атындағы тірек мектептің басшысы М.Ш.Сәрсенова тірек мектепте инновациялық үдерістерді басқару моделін ұсынды. Аталған жұмыс 2017 жылдың қараша айында  өткен республикалық «Үздік тірек мектебі (ресурстық орталығы)» байқауында ең үздік деп танылып, байқаудың бас жүлдесін иеленген.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PISA-2018 ЗЕРТТЕУІ ӨТКІЗІЛУДЕ

Үстіміздегі жылдың 2 сәуір - 12 мамыр аралығында халықаралық апробациялық TIMSS-2019 зерттеуі қағаз жүзінде, ал негізгі PISA-2018, ICILS-2018 зерттеулері компьютерлік форматта өткізілетін болады.
PISA зерттеуіне облыс бойынша 6 колледж, 27 мектеп, барлығы 33 білім мекемесінен 15 жастағы білім алушылар қатысатын болады.  
Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің базасында халықаралық  PISA -2018 негізгі зерттеуі өткізілді.
Зерттеуге колледжден 42 білімгер қатысты. 

«Жоспарлау және рефлексия» тақырыбында облыстық

семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  «Назарбаев Зияткерлік  мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз  қаласындағы филиалымен  бірлесе отырып, 2018 жылдың  30 наурыз күні  Т.Рысқұлов ауданы     №1 мектеп-лицейінің   базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Жоспарлау  және рефлексия» тақырыбында  облыстық семинар-практикум өткізді.  

Аталған іс-шараға  84  педагог қатысты.

Семинар-практикумда бастауыш сынып  мұғалімдері сабақты жоспарлау  үдерісінің ерекшеліктері, қысқа мерзімді жоспарды құрастыруда басшылыққа алатын талаптар, оқу мақсаты және берілген тапсырмаға сәйкес қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізу жолдары, сабақтағы оқушы рефлексиясы мен сабақтан кейінгі мұғалімнің рефлексиясы бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

АСТАНА – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИМВОЛЫ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ҚР Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай 2018 жылдың 30 наурыз күні мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында «Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Іс-шара Елорданың тарихи маңызын айқындау, татулық пен бейбітшіліктің символына айналған бас қаламыздың заманауи келбетін педагогтар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. 
Конференция жұмысына ЖОО-ның ғалымдары, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, пән мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары, барлығы 260 педагог қатысты.

«Бастауыш сыныпта критериалды бағалау жүйесінің тиімді жолдары»

тақырыбында аймақтық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2018 жылдың 28 наурыз күні  «Бастауыш сыныпта критериалды бағалау жүйесінің тиімді жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық  білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін аймақтық семинар-практикум өтті.

Аталған іс-шараға  45  педагог  қатысты.

Семинар-практикумда мұғалімдер оқыту  үрдісінде критериалды бағалауды тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды дидактикалық таратпалы  материалдармен қамтамасыз етілді.