ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалымен бірлесіп, 2024 жылдың 5 наурыз күні «Сабақты зерттеу (Lesson Study) - серіктестік мектептерге кәсіби қолдау көрсетудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Іс-шараға аудандық, қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері, мектеп директорларының оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасарлары мен мектеп тренерлері, барлығы 150 адам қатысты.
Облыстық семинарда Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының аға менеджері А.Тоқтағанова мен А.Джурунова сабақты зерттеу тәсілінің модельдері, зерттеу сұрағын құрылымдау, зерттеу мақсаты мен сабақты өткізу, бақылау, талқылауды жүргізу жолдарына тәжірибеден мысалдар келтірілді. Зерттеу сабағын талдау модельдері, рефлексиялық жазба жазу қадамдарында қолданылатын тәсілдер ұсынылып, Сабақты зерттеуді деректер негізінде талдау бойынша қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.