Әдістемелік ресурстық орталықтар желісі - ауыл мектептерінің білім сапасын қамтамасыз ету құралы.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 наурыз күні "Ауыл мектептері үшін әдістемелік ресурстық орталықтар желісін құру туралы" тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға облыстағы аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет жетекшілері мен әдіскерлер , барлығы 43 қызметкер қатысты.
Семинар барысында ауыл мен қала мектептердің білім сапасындағы арақашықты жоюдағы әдістемелік ресурстық орталықтардың маңыздылығы талқыланып, оларды ашу алгоритімі қарастырылды. .
Қазір облысымызда жалпы орта білім беру ұйымдар инфрақұрлымы 445 мектептің тұрады. Олардың 21,3% (95) қалаларда орналасса, 78,7% (350 ) ауылдық мекендерде орналасқан. Ауылдық 350 мектептің 132 -і –шағын жинақты мектептер.
Биылғы оқу жылында 445 мектептерде 233 141 оқушы дәріс алуда, олардың 133 308 (57,2%) ауылдық, 99833 (42,8%) қалалық мектептерінде оқиды. Ағымдағы оқу жылында 445 мектепте 26 425 педагогтер жұмыс атқаруда, олардың – 17130 (64,8 %) – ауыл, 9295 (35,2 %) қала мектептерінде жұмыс атқаруда.
Семинар-кеңес барысында өңірдің ауыл мектептерінің білім сапасына кері әсер ететін факторларды айқындалып, ауыл мектептерінің білім сапасын қамтамасыз ету жолдары кеңінен талқыланды.
Аталған факторлардың ең маңыздысы – ауылдық мектеп педагогтерінің академиялық дайындық деңгейінің төмендігі. Сондықтан ауыл педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз жетілдіруі – білім сапасын қамтамасыз етудің негізгі факторы болып тұр.
Семинар барысында білім берудің мазмұндық, цифрлық трансформациялау жағдайында ауыл мектеп педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін курсаралық кезінде үздіксіз жетілдіру жолдары қарастырылып, желілік әдістемелік ресурстық орталықтар арқылы жетілдіру жүйесі ұсынылды. Өңірдегі аулыдқ мектептер үшін 50 жұық әдістемелік ресурстық орталықтар жұмысын жолға қоюды жоспарланды.
Ағымдағы оқу жылдың соңына дейін әдістемелік ресурстық орталықтар арқылы облысымыздағы ауыл мектептердің жылдық оқу-тәрбие, жұмыстық оқу, даму жоспарлары мен бірге әдістемелік бірлестіктердің жоспарларын бірінғайландыру жұмыстары жүргізілмек.