Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

«Географиялық қабық тарауындағы есептерді шығаруда логикалық ой қозғаудың тәсілдері» тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған қашықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 18 ақпан  күні «Географиялық қабық тарауындағы есептерді шығаруда логикалық ой қозғаудың тәсілдері»  тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға 139  педагог  қатысты.

          Вебинар барысында қашықтан  оқытуда географиялық есептердің шығарылу жолын, оның логикалық ой қозғаудағы әдіс тәсілдерін және ҰБТ – де кездесетін есептердің шығарылуына бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды.

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында 5-11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған тәжірибелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың  18 ақпан 5-11 сыныптарға сабақ беретін қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн режимінде тәжірибелік семинар өтті.

Microsoft Teams  платформасы арқылы өткен вебинарға   588 педагог қатысты.

Іс-шара барысында білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, жобалау алгоритмнің қадамдары, сабақты зерттеу тәсілін тәжірибеде тиімді қолдану жолдары, сабақты жоспарлау мен саралап оқытудың әдіс-тәсілдері  талқыланды. 

«Алаш арыстары: тарихы мен мұрасы» тақырыбында облыстық онлайн ғылыми жоба байқауы өтті

2021 жылдың  16 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Алаш арыстары: тарихы мен мұрасы» тақырыбында облыстық онлайн ғылыми жоба байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа Алаш қайраткерлерінің өмір жолы, еңбектері мен тарихи мұрасын насихаттау, дарынды жас зерттеушілерді анықтау.

Ғылыми жоба байқауы барысында оқушылар өздерінің ізденіс жұмыстарында Алаш қайраткерлерінің өмір жолы, қызметі,  ерен еңбектері  туралы зерттеулерін ұсынды. Іс-шара оқушылардың бойында елжандылық, азаматтық және ұлттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етті.

Ғылыми жоба байқауына жалпы орта білім мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары, барлығы 32  оқушы қатысты.

Ғылыми жоба байқауының нәтижесінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Өтеулі Мағжан І орынды, Меркі ауданы №44 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Сарварова Хадижа, Меркі ауданы И.Турбицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Раймбек Аяулым, Т.Рысқұлов ауданы М.Горький атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Махмут Ләйлә                   ІІ орынды, Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының             9 сынып оқушысы Жамбыл Мерейлім, Меркі ауданы Тілеміс батыр атындағы №4 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Марат Алина, Шу ауданы М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Амангелді Ақжарқын, М.Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қырғызбаев Еркебұлан                         ІІІ орындарды иеленді. Байзақ ауданы Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің               10 сынып оқушысы Жақыпхан Мөлдір, Тараз қаласы №11 орта мектебінің                8 сынып оқушысы Хуснутдинова Камилла,  Тараз қаласы №24 гимназияның             10 сынып оқушысы Лукаш Александр алғыс хаттармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін  облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 15 ақпан күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда үлгілік оқу бағдарламасының жүргізілу барысы» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ерекшеліктері, әдістемелік жұмыстардың бағыттары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасының талаптарының ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға облыстың  210 педагогі қамтылды.

Түркістан облысының педагогтарымен тәжірибе алмасу вебинары өтті.

          2021 жылдың 15 ақпан күні Түркістан облысының білім қызметкерлері үшін «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, халықаралық зерттеулер бойынша облыстық координатор Ш.Жамалбекова тәжірибелік таныстырылым арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталып, биылғы жылы өтетін халықаралық PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерінде кездесетін тапсырмалармен таныстырып өтті.

Вебинар барысында Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері, аудан үйлестірушісі А.Т.Бейбітова оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу  сауаттылықтарын арттыру мақсатында жүргізілген іс-тәжірибесімен бөлісіп, аудан көлемінде жүргізілген жұмыстардың жүйесімен таныстырды..

Аталған вебинарға  Түркістан облысы білім басқармасының 613 облыстық (аудандық) әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, мектеп директорлары мен оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Іс-шара барысында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының әдістемелік орталығының директоры А.З.Турсынбаев, директордың инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары М.Ж.Жансейітқызы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту  бойынша ашық диалогтық алаңда іс-тәжірибе алмасу бағытында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұжымына алғыстарын білдірді.