Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

«Аутизм  мәселелері, диагностикасы және әдістемесі» тақырыбында облыстық  вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың  19  сәуір  күні  Ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер  үшін  «Аутизм  мәселелері, диагностикасы және әдістемесі» тақырыбында облыстық  вебинар өткізді.

 «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға  232 педагог қатысты. Іс-шара барысында  Талдықорған қаласының №2 облыстық психологиялық- медициналық-педагогикалық консультация орталығының психологі Абдуалиева Асем Нурсагиевна   бала аутизмін айқындаудың негізгі диагностикалық әдіс-тәсілдері туралы, БАҰО "Өрлеу" АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының "Методология және педагогикалық инновация" кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтану ғылымының кандидаты Абилова Айгүл Булатовна  аутизм спектрі бұзылған балаларда сөйлеуді дамытуға арналған логопедиялық ойындар мен жаттығулары бойынша тәжірибесі туралы ақпараттық-әдістемелік көмек беріліп, электронды материалдар таратылды.

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін  облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 19 сәуір күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытуда жобалық іс-әрекеттің маңызы» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ерекшеліктері, әдістемелік жұмыстардың бағыттары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда жобалық іс-әрекеттің маңызы жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға облыстың  202 педагогі қамтылды.

«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді  жолдары»  тақырыбында облыстық  вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың  16 сәуір  күні  жалпы орта білім беретін ұйымдардың Ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдерге  арналған  «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді  жолдары»  тақырыбында облыстық  вебинар өткізілді.

  Іс-шара барысында  ҚР Президенті  жанындағы мемлекеттік  басқару  Академиясының  Жамбыл  облысы  бойынша  филиалының  "Білім  беру  бағдарламаларын  әзірлеу  және  жүзеге асыру"  кабинетінің  профессоры Оспанбаева  Махаббат  Пернебайқызы  ЕББҚБ педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу,  Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының  әдіскері Кыдыкенова  Динара Жардембековна "Сәтті қадам" инклюзивті кеңістікті ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты. «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға  200 педагог қатысты.

«Перевёрнутый урок» в начальной школе. Подходы, ресурсы» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

 2021 жылдың 16 сәуір күні  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында республикалық «Үздік педагог-2018» байқауының жеңімпазы, Тараз қаласы, №24 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Н.Полухинаның «Перевёрнутый урок» в начальной школе. Подходы, ресурсы» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өткізілді.

Іс-шара барысында Н.Полухина «Менің жүрегімнің мектебі» бейнетаспасы мен педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен, «Төңкерілген сабақ» үлгісінің қазіргі заманғы аралас оқыту технологиясының құрамдас бөліктерінің бірі ретінде оқушылардың бағдарламалық материалды немесе қосымша оқу материалын игеру бойынша өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдары туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 236 педагог қатысты.

ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ

2021 жылдың 16 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім сапасындағы олқылықтарды жою, халықаралық зерттеулерге тиісті деңгейдегі дайындықты ұйымдастыру, педагогтерді ақпараттық-әдістемелік қолдау бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығының директоры А.Нарагеева және аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеті меңгерушілерінің қатысуымен онлайн-кеңес өтті.

          Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілеріне «Оқуға құштар мектеп» жобасын және даталы күндерге іс-шаралар ұйымдастыру, оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және оларды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар, педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру жұмыстары, халықаралық зерттеулер мен қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, жетекші мектептердің жұмысын үйлестіру және білім мекемелерінің педагогтерін әдістемелік қолдау жұмыстарын инновациялық бағытта дамыту бойынша жұмыстардың жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ, Т.Рысқұлов, Талас және Шу аудандары білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері білім беру ұйымдарына, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.