«Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен математика пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
2021 жылдың 19 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
Іс-шараның мақсаты – 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтау, математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу, Облыстық секция отырысына облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, математика пәні мұғалімдері, барлығы 278 педагог қатысты.
Секция отырысында 2021-2022 оқу жылында нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, оқу бағдарламалары, пәнді оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтаудың әдіс-тәсілдері туралы ақпарат пен әдістемелік ұсынымдар берілді.