Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

 МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ТАМЫЗ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 23 тамыз күні «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудағы жаңа бағдары» тақырыбында мектепалды даярлық сынып  педагогтеріне арналған Тамыз кеңесінің облыстық секциялық отырысы өтті.

Тамыз кеңесінің секциялық отырысының барысында  «Мектепке дейінгі  ұйымдар мен  мектепалды даярлық сыныптарында  тәрбиелеу-білім беру процесін  ұйымдастыру ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хаттың мазмұнын  жан-жақты түсіндірілді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін  іске асырудағы  негізі бағыттары және тәрбиелеу-білім беру процесінде «ойын арқылы оқыту» қағидасының маңыздылығы туралы мәселелер айтылып, іс-тәжірибелер таратылды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналармен өзара ықпалдастықта жұмыс істеуді дамыту  қажеттігі туралы сөз қозғалды.

Секциялық отырыста қатысушыларға тәрбиелеу-білім беру процесін жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша тұжырымды идеялар ұсынылып, ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

Аталған іс-шараға облыстың 140 педагогі қамтылды.   

«Инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асырудың заманауи кезеңі: үздіксіздік және жүйелілік»  тақырыбындағы  облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің  секция отырысы өтті

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың  20 тамыз   күні  ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер  үшін  «Инклюзивті  білім  беруді жүзеге асырудың заманауи кезеңі: үздіксіздік және жүйелілік»   тақырыбында облыстық  тамыз кеңесінің секция отырысын өткізді.

       «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға  279   аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің әлеуметтік педагогтері,  психологтары,  ерекше білім беруге   қажеттілігі бар оқушыларға  сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Секция отырысында «2021-2022 оқу жылында ҚР жалпы орта білім  беретін  ұйымдарында  оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты бойынша, нормативтік құжаттармен жұмыс, ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға психологиялық - медициналық педагогикалық  қолдау көрсету, үлгілік оқу жоспарларымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

«Дене шынықтыру пәні  мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық тамыз кеңесі  өтті

2021 жылдың  17 маусым күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы орта білім беру мекемелеріндегі дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндерінің оқытушы- ұйымдастырушыларына арналған «Дене шынықтыру пәні  мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық тамыз кеңесі  өтті.

Іс-шараның мақсаты – білім беру мекемелерінде дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен әскери жетекшілер  оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануы мен қимыл қозғалыс дағдыларын  және әрбір білім алушыларға мемлекетті қорғау туралы ойларын қалыптастыру, нормативті құжаттар жүргізу тәртібі  бойынша тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.  

Тамыз кеңесі  барысында дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен әскери жетекшілерге пән  жұмыстарын  жүргізу және үйірме жұмыстарын  ұйымдастыру, жаттықтырушылар мен үйірме жетекшілерінің  жұмыс бағыттары, үйірме жұмыстарын жүргізуде құжаттардың дұрыс толтырылуы туралы  әдістемелік көмек көрсетіліп,  материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,               175 оқытушы ұйымдастырушы және үйірме  жетекшілері мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері  қатысты.

Облыстық тамыз кеңесі аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалымен бірлесе отырып, 2021 жылдың 18 тамызында  «Жалпы білім беретін мектептерде бастауыш білім берудің жайы мен 2021-2022 оқу жылындағы міндеттері» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секциялық отырысын өткізді. Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен іс-шараға 268  педагог қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар  2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері, төңкерілген сынып мөделін оқыту процесіне ендірудің әдістемелік ерекшеліктері мен тиімділігі, бастауыш білім беру сатысында функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары, шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру  бойынша тәжірибе алмасты. 

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ  ӘКІМШІЛІГІНЕ  «БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ТРЕНДТЕРІ» АТТЫ ОНЛАЙН ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ  ӨТТІ

2021 жылдың  19 тамызында   Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының  ұйымдастыруымен  ҚР БжҒМ Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментімен бірлесе отырып,   мектеп әкімшілігі, педагогтер, колледж басшылары мен оқытушылары үшін Тамыз кеңесі шеңберінде «Білім беру жүйесіндегі цифрландырудың жаңа трендтері» атты онлайн панельдік сессиясы өтті.Онлайн сессияға 660-тан астам білім қызметкерлері мен білім басқармасы  басшысының орынбасары Ж.Е.Бекбатырова қатысты.

Панельдік сессия жұмысы барысында мамандандырылған білім беру ұйымдары басшыларының және жетекші практик мұғалімдердің жұмыс тәжірибесі таратылды.

ҚР БҒМ Білім беруді цифрлық трансформациялау департаменті цифрлық даму басқармасының басшысы Жүсіпова Гүл Ғабдулуалитқызы «Цифровые тренды развития Образования» тақырыбында баяндама жасады.          Әзірлеуші-әдіскер STEAM.kz, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Мұрат Бегайым Мұратқызы «МЖМБС стандарттары бойынша Digital STEAM» баяндама жасаса, "R4 Technology and Research Center"  зерттеулер бөлімінің басшысы Алимжанов Дархан Аманжолович «Цифрлық/сандық дағдыларды енгізудің тиімді әдісі» тақырыбында іс-тәжірибе бөлісті.  IoT Board әзірлеу бөлімінің басшысы Тажиханов Мардонжон Азаматұлы  «Робототехниканы оқытуды қалай жеңілдетуге болады» тақырыбымен ақпараттандыру саласындағы тың жаңалықтармен бөлісті. Жоба менеджері, BTS Education әзірлеушісі Тимур Бектұр «Білім беру жүйесіндегі кәсіптік бағдар беру бойынша цифрлық шешімдер» тақырыбында кәсіби бағдар беру бойынша  ақпараттармен таныстырды.

Білім қызметкерлері үшін панельдік сессия   тың ақпараттарымен, мазмұндылығымен ерекшеленді.