Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз күні «Основные подходы к преподаванию русского языка и литературы и задачи на новый учебный год» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті. Іс-шара барысында «Искусственный интеллект как эффективное средство организации учебного процесса на уроках русского языка и литературы», «Читательский клуб» как средство формирования функциональной грамотности» тақырыптарында баяндамалар жасалды. Алдағы 2024-2025 оқу жылында жалпы орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектіні қолдану, оқушылардың функционалдық сатуаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 11 әдіскер, 310 орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, барлығы 321 педагог қатысты.

      

Тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9 тамыз күні «Тарих пәнін оқытуда цифрлық технологияларды қолданудың теориялық және практикалық тиімділігі» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті. Іс-шара барысында 2024-2025 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, жалпыға міндетті білім беру стандарты, нормативтік құқықтық актілер, тарих пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, пәнді оқытуда оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда цифрландырудың маңызы, жасанды интеллект мүмкіндіктері, оқу үрдісінде цифрлық технологияларды қолдану, білім алушылардың цифрлық дағдылары мен құзыреттерін дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 11 әдіскер, 293 тарих пәнінің мұғалімі, барлығы 304 педагог қатысты.

   

«МАҚСАТТЫ МЕКТЕПТЕР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІМЕН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 қыркүйек күні «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің педагогикалық үдерісін тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында мектепалды сынып педагогтеріне арналған семинар-практикум өтті.
Іс-шара барысында 2024-2025 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, нормативтік құқықтық актілер, мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелік шараларды ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында консультациялық пункттер жұмысын ұйымдастыру, бастауыш сынып мұғалімі жеке оқыту траекториясын анықтау үшін мектепалды топтары мен сыныптары балаларының Жеке даму картасын толтыру, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылу жолдары, цифрландыру жағдайында білім беру процесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері бойынша ұсынымдар берілді.
Іс-шараға 117 мектепалды сынып педагогтері қатысты.                                                                                                                                                                                                                                                   

   

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері үшін әдістемелік секция отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9 тамыз күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне 2024-2025 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қатысты мәселелер, соның ішінде жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, ағылшын тілі пәнін оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда «Жасанды интеллектінің» маңыздылығы мен біртұтас тәрбие бағдарламасын талқылау, пәндер бойынша оқу бағдарламаларының оқыту мақсаттарын пысықтау, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмысты пысықтау мақсатында «Ағылшын тілі пәнін оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты әдістемелік секция отырысы өтті. Әдістемелік сессия отырысында «Ағылшын тілі пәнін оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған іс-шараға барлығы 1160 педагог қатысты.

      

ЖЕТЕКШІ МЕКТЕПТЕРМЕН ЖӘНЕ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРМЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының бірлескен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес  2024  жылдың 13 қыркүйек күні «Жетекші мектеп инновациялық процестер алаңы ретінде», «Мектеп тренері: мектепішілік оқытуды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» тақырыптарында облыстық семинар өткізді.

Іс-шараға нысаналы мектептердің басшылары, жетекші мектептердің үйлестірушілері мен директорларының  орынбасарлары, мектеп тренерлері, барлығы 100 адам қатысты.

Облыстық семинар жұмысы барысында Жамбыл облысы әкімдігінің оқу-әдістемелік орталығының «Педагогикалық менеджмент және білім сапасын басқару» бөлімінің жетекшісі Ғ.Омарбекова «Білім сапасын арттыру бағытында инновациялық тәсілдерді енгізу жолдары», ПШО директоры Г.Тортаева «Жетекші мектептің жұмысы: мақсат және міндеттер», аға оқытушылары Ш.Альтаева және А.Жұрынова «Жетекші мектеп инновациялық процестер алаңы ретінде», «Мектеп тренері: мектепішілік оқытуды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» тақырыптарында баяндама оқыды.

Қатысушыларға өткен оқу жылында атқарылған жұмыстың қорытындысы туралы, 2024-2025 оқу жылында жетекші мектептердің серіктес мектептермен және нысаналы мектептермен жүргізілетін инновациялық жұмыс бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, өзара тәжірибе алмасты.