МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 13 тамыз күні «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепалды сынып педагогтеріне арналған секция отырысы өтті. Іс-шара барысында 2024-2025 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-блім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, нормативтік құқықтық актілер, мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелік шараларды ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында консультациялық пункттер жұмысын ұйымдастыру, бастауыш сынып мұғалімі жеке оқыту траекториясын анықтау үшін мектепалды топтары мен сыныптары балаларының Жеке даму картасын толтыру, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылу жолдары, цифрландыру жағдайында білім беру процесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері бойынша ұсынымдар берілді. Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 11 әдіскер, 462 мектепке дейінгі ұйым педагогтері, барлығы 473 педагог қатысты.