БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында онлайн дәріс өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 6 наурыз күні «Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында 7-8 сынып оқушыларына арналған оқу сауаттылығы бойынша «Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.Есенбаева «Фастфуд тағамдарының зияны» тақырыбында, Айшабибі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.Баймаханова “Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері” тақырыбында дәріс өткізіп, білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығында кездесетін мәнмәтіндерді түсіну, негізгі ойды талдау мен өзіндік ойды толықтыру жолдарын көрсетті.
Аталған онлайн дәріске барлығы 435 («1000 мектеп» жобасына енген мектептерден 225 оқушы) оқушы қатысты

Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиадасында облыстың 6 педагогі жеңімпаз атанды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылдың 4-6 наурыз аралығында Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Республикалық байқауға облыстық кезеңде жеңімпаз атанған 8 жас маман қатысып, 6-ы жеңімпаз атанды.
Республикалық педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша І орындарды Жамбыл ауданы, Амангелді орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Сейділдаев Ермек Ерболұлы, облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі Қали Венера Садыққызы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Пиржанова Айсұлу Марксовна; ІІ орындарды Мойынқұм ауданы, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің математика пәні мұғалімі Қожахмет Тәукехан Құнанбайұлы, Меркі ауданы, Т.Қожекеев атындағы №39 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жайма Алтынай Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Акилбаева Айгерим Есмаганбетовна иеленді.
Ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!

ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

2024 жылдың 5 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шығармашылық зертхана» жобасы аясында мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектептің даму жоспары: басқару мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы әдістемелік қызмет сапасы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Іс-шараға мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен шығармашалық топ жетекшілері, барлығы 92 адам қатысты.
Семинар барысында Т.Рысқұлов ауданы М.Әуезов атындағы тірек мектебінің директоры М.Сарсенова, Байзақ ауданы, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназиясының директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары Ә.Қуатова, Ұ.Қожагелдиева мектептің даму бағдарламасына енетін жобалардың тиімділігі, басқару мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы әдістемелік қызмет сапасы, педагогтерге инновациялық-педагогикалық технологияларды пайдалануға бағыт-бағдар беру туралы әдістемелік көмек көрсетіліп, жұмысты жүйелі жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ» БАЙҚАУЫНДА ОБЛЫСТЫҢ 3 ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен білім беру саласында шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, өзінің кәсіптік біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында 2024 жылдың 5-6 наурыз күндері Алматы қаласында «ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ» атты республикалық байқау өтті.
Республикалық конкурс нәтижесі бойынша облыстық кезеңде жеңімпаз атанған 6 педагог-психолог қатысып, 3-і жүлделі орындарға ие болды:
І орынды Тараз қаласы №18 орта мектебінің педагог-психологі Мария Суворина, ІІ орынды Меркі ауданы, №44 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологі Айжан Сейтжапарова, ІІІ орынды Тараз қаласы, №41 көпсалалы гимназиясының педагог-психологі Алена Карикова иеленді.

Республикалық байқаудың жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2024 жылғы 16 ақпанындағы №21-1-21-4/1125–И хатына сәйкес, ағымдағы жылдың 5 наурызында Алматы қаласында «Балалардың қауіпсіздігі мен білім беру ортасының әл-ауқатының өзекті мәселелері: негізгі сын - қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында аймақтық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қатысты мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау, сондай-ақ білім беру ортасы мен балалардың құқықтарына қатысты маңызды аспектілерді қарастыру.
Семинар педагог қызметкерлердің алдында тұрған білім беру ортасының әл-ауқатының және балалардың құқықтарын қорғау саласының өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ бірлескен шешімдерді іздеуге арналған алаң болды. Аталған іс-шараға Жамбыл облысынан 16 педагог қатысты (мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, сынып жетекшілер).