БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Бастауыш сынып оқушылардың оқу сауаттылығын (PIRLS халықаралық зерттеуі аясында) дамыту жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2024 жылдың 1 наурыз күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Бастауыш сынып оқушылардың оқу сауаттылығын (PIRLS халықаралық зерттеуі аясында) дамыту жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Вебинар қатысушылары PIRLS халықаралық зерттеуіннің нәтижелері мен дайындық жұмыстары, зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері, бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар үлгілері бойынша тәжірибе алмасты. Аталған іс-шараға 418 педагог қатысты.

«Қаныш Сәтбаевтың Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» тақырыбында облыстық ашық диалог алаңы өтті

2024 жылдың 29 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және тұңғыш президенті, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы мен еңбектерін насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Қаныш Сәтбаевтың Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» тақырыбында облыстық ашық диалог алаңы өтті.
Ашық диалог алаңы барысында педагогтерге геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы мен қызметі, Қазақстанның дамуына қосқан үлесі, ғылыми еңбектері, өшпес мұрасы туралы ақпарат беріліп, материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдері, «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 164 педагог қатысты.

«Әжем, анам және мен» атты облыстық байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Әжем, анам және мен» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті.
Іс шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда «Аналар мектебі», «Әжелер мектебін» ұйымдастыру және қызметін кеңейту бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату.
Республикалық кезеңге Тараз қаласының №9 және №31 «Балапан» бөбекжай-бақшаларының жұмыстары ұсынылды.

«Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында онлайн дәріс өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 29 ақпан күні «Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында 9 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
Жамбыл ауданы Гродеково орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі В.Рахымбердиева «Атомдар, иондар және молекулалар» тақырыбында дәріс өткізіп, білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығында кездесетін мәнмәтіндерді түсіну, негізгі ойды талдау мен өзіндік ойды толықтыру жолдарын көрсетті.
Оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін дамыту мақсатындағы дәріске барлығы 380 («1000 мектеп» жобасына енген мектептерден 180 оқушы) оқушы қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 28 ақпан күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Ағылшын тілі сабақтарында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары» атты ашық сабақтар циклы өтті.
Іс-шара барысында тәжірибелі педагогтер ағылшын тілі пәні бойынша пәндік құзыреттіліктеді арттыру, кәсіби шеберліктерді жетілдіру негізінде тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану, жаңа технологияларды қолдану жолдарын таныстырды. Күрделі тақырыптар бойынша тапсырмалар, логикалық сұрақтар құру жолдарын ұсынды.
Облыстық семинар-практикумға 47 педагог қатысты.