«ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» және «Аутодеструктивті мінез-құлықтың туындау себептері мен болдырмаудың алдын алу алгоритмі» тақырыптарында онлайн режимінде облыстық семинар-тренинг өтті
2019 жылдың 12 наурыз күні «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» және «Аутодеструктивті мінез-құлықтың туындау себептері мен болдырмаудың алдын алу алгоритмі» тақырыптарында онлайн режимінде облыстық семинар-тренинг өткізілді, барлығы 384 педагог-психолог қатысты.
Іс-шара барысында ОЖСБ-ға дайындық кезеңінде оқушыларға психологиялық көмек көрсетуде іс-әрекет стратегиялары мен тактикалары бойынша жаттығулар, сенімділіктерін күшейту, стресске қарсы тұру және эмоциялық ерік сферасын дамыту мәселелері бойынша көптеген кеңестер берілді.
Сондай-ақ, семинар-тренингке қатысушылар аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағытында әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.