«Жеткіншек жастағы оқушылардың суицидтік мінез-құлық типтеріне әсер етуші факторлар»тақырыбында педагог-психологтарға арналған блыстық онлайн семинар өтті
2019 жылдың 11 сәуір күні оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Жеткіншек жастағы оқушылардың суицидтік мінез-құлық типтеріне әсер етуші факторлар» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өткізілді, барлығы 295 педагог-психолог қатысты.
Сондай-ақ семинарға қатысушы педагог-психологтар жеткіншек жастағы оқушылардың суицидтік мінез-құлық мәселелері және оның шешу жолдары мен алдын алу жұмыстарының ерекшеліктері бойынша кеңестер берілді және электронды түрде таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.