БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

Облыстық онлайн вебинар өтті

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 2 сәуір күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған «Педагогтарға әдістемелік көмек көрсетудің тиімділігі» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне «Оқуға құштар мектеп» жобасын және даталы күндерге іс-шаралар ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру, ұйымдастырылған оқу қызметінің және іс-шараларға дайындық жұмыстарының жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ, Қордай, Шу аудандары білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мектепке дейінгі ұйымдарға, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.

«Рухани-адамгершілік құндылықтар мен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық оқулар өтті

2021 жылдың 31 наурыз - 1 сәуір күндері аралығында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Рухани-адамгершілік құндылықтар мен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық оқулар өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогтардың әдістемелік және кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.

Педагогикалық оқулар үш бағытта өтті. «Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбиелеу мен оқыту жүйесі» тақырыбында  2-10 сыныптар арсындағы үздік сабақтар, «Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында шеберлік сыныптар, «Қоғамға ызмет ету» тақырыбында  өін-өзі тану пәні аясындағы жобалық жұмысты іске асыру бағыттарында педагогтар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамытып, әдістемелік жұмыстарына ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар жасауға ықпал ете отырып, іс-тәжірибелерін насихаттауда үздік жұмыстар «Рухани әлем» каналына орналастырылады.

ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ

2021 жылдың 1 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім сапасындағы олқылықтарды жою, халықаралық зерттеулерге тиісті деңгейдегі дайындықты ұйымдастыру, педагогтерді ақпараттық-әдістемелік қолдау бойынша аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеті меңгерушілерінің қатысуымен онлайн-кеңес өтті.

          Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілеріне «Оқуға құштар мектеп» жобасын және даталы күндерге іс-шаралар ұйымдастыру, оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және оларды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар, педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру жұмыстары, халықаралық зерттеулер мен қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, жетекші мектептердің жұмысын үйлестіру және білім мекемелерінің педагогтерін әдістемелік қолдау жұмыстарын инновациялық бағытта дамыту бойынша жұмыстардың жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі  аудандары білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері білім беру ұйымдарына, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Жамбыл  облысы  әкімдігі  білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинеті 2021 жылдың 1 сәуір  күні  білім  беру  ұйымдарының  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында мектеп  директорларының  тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Қашықтықтан оқыту жағдайында  тәрбие  жұмысын  тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің  инновациялық  жолдары /НЗМ тәжірибесі/» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы  117 педагог  қатысты.  

Іс-шара  барысында  Сарысу ауданы,  Ш.Уәлиханов, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназияларының, Абылайхан атындағы мектеп-лицейінің, Б.Қашқынбаев, Жарылқасын Отарбаев, Әйтеке би атындағы орта  мектептерінің  озық  іс-тәжірибелері  таратылды және вебинарға қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер   алды,  тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты.   

Авторлық бағдарлама құрастыру туралы дөңгелек үстел өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 01 сәуірінде  «Авторлық бағдарлама құрастыруға қойылатын талаптар» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді. Шараға 225-ке  жуық  білім бөлімдерінің  әдіскерлері мен мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, бірлестік жетекшілері қатысты . Дөңгелек үстел аясында педагогтардың шығармашылық жұмысы ретінде авторлық бағдарлама жасаудың басты талаптары мен критерийлері түсіндіріліп, кеңес берілді.