«Жеке тұлға бойында рухани-патриоттық тәрбиені қалыптастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 18 наурыз күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге арналған «Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 119 педагог қатысты.
Вебинарға қатысушылар рухани-патриоттық тәрбиені жетілдіру бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты.