БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«ҰБТ-ға дайындық: «Оқу сауаттылығы» мәтіндерімен жұмыс» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 13 наурыз күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне облыстық онлайн семинар өтті.
Іс-шара барысында ҰБТ-ға сапалы дайындық жолдарын ұйымдастыру, білім алушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету жолдарын, білім мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға, сонымен қатар аналитикалық, логикалық ойлауды дамытуға бағытталған тест тапсырмаларының соның ішінде қиындық деңгей тапсырмаларының дұрыс орындалуы туралы айтылды. ҰБТ-ға дайындау үшін пәндер бойынша тест спецификацияларын, оқулықтарды, тест нұсқаларын басшылыққа алып, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс түрлерін пайдаланып, оқушыларға тиімді, жүйелі бағыт-бағдар беру, үнемі қатемен жұмыс жүргізу, оқушымен жеке жұмысты жүйелеу, кешенді талдау жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды.
Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларының мазмұны ақпаратты түсінуге, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын табу, мәтіннің стильдік ерекшелігін тану, түрлі дерекөздерден ақпарат ала білу, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретациялауға құрылған тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын таныстырды. Тест мазмұнының қиындық деңгейлеріне (базалық деңгей, орташа деңгей, жоғары деңгей) қазақ әдебиетінің кезеңдері, әдебиеттану салалары, әдебиет теориясына қатысты тапсырмаларға кеңінен тоқталды.
Облыстық онлайн семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 100 педагог қатысты.

Балаларды отбасылық және ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында «Ана, әже және мен» атты республикалық байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 3 наурызында ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана, әже және мен» атты республикалық байқауы өтті.
Аталған іс-шараға облыстық кезеңнен жеңімпаз атанған Тараз қаласының №5 «Ақ желкен», №28 бөбекжай-бақшаларының жұмыстары ұсынылған болатын.
Республикалық байқау нәтижесі бойынша №5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасы «Үздік аналар мектебі» номинациясын №28 бөбекжай-бақшасы «Үздік ұйымдастырылған шара» номиницаиясын иеленді.
Педагогтерді жеңісімен құттықтаймыз!!!

ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

2023 жылдың 10 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы «Qundylyg.kz» біліктілікті арттыру орталығы мен «EduCon» компаниясының өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңеске мектеп басшылары, үздік педагогтер, барлығы 30 адам қатысты.
Кеңес барысында «Qundylyg.kz» біліктілікті арттыру орталығының бас директоры С.Смақов және «EduCon» компаниясының жоба бөлімінің менеджері Е.Есеркепов «Білім беру ұйымының тәрбие процесін жүйелендіру», «Мұғалім мен оқушы арасында ұтымды қарым-қатынас орнату», «Оқушылардың бойына құндылықтарды дәріптеу», «Сабақтардың сапасын арттыру» тақырыптары аясында өз жобаларын қорғады.
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында білім беру жағдайының ерекшеліктері мен назарға алынатын мәселелері бойынша кеңес мүшелері ұсыныстар мен ой-пікірлерін кеңінен талқылады.

TIMSS халықаралық негізгі зерттеуін тиімді ұйымдастыру және өткізу жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 10 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында «TIMSS халықаралық негізгі зерттеуін тиімді ұйымдастыру және өткізу жолдары» тақырыбында семинары өткізілді.
Аталған іс-шараға 576 педагог қатысты.
Облыстық семинардың қатысушылары TIMSS халықаралық негізгі зерттеуіне дайындық жұмыстары, мектеп үйлестірушісі мен тест өткізушінің функционалдық міндеттері, мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері және ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері (сауалнама сұрақтары), білім алушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалардың ерекшеліктері бойынша тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушылар электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Республикалық конкурста 6 педагог жеңімпаз атанды

2023 жылдың 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында педагогтердің шығармашылығын және кәсіби өсуін ынталандыру, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсында облыстың 6 педагогі жеңімпаз атанды.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-ииновация» лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қасқарбекова Дарина Батарбекқызы ІІ орынды, Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясы директорының орынбасары Рамазанов Сергей Нариманұлы, Тараз қаласы №1 гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Поливцева Елена Николаевна, №45 гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Лаубай Тоғжан Құралбайқызы, №44 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Косумова Гүлжан Серікқалиқызы, Меркі ауданы, И.Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Черкасова Наталья Евгеньевна ІІІ орындарды иеленді.
Педагогтерді жеңістерімен құттықтаймыз!!!