БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Үздік жыл психологы» атты облыстық байқауы өтті

🔰Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылғы 19 қаңтардағы №22/15-11-07 хатына сәйкес білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, өзінің кәсіптік біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында «Үздік жыл психологы» атты облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың республикалық ережесіне сәйкес қатысушылар еңбек өтілі жағынан 3 жыл, 5-7 жыл, 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 3 категория бойынша іріктелді. Байқауға 21 педагог-психологтың жұмысы қабылданды.
​Байқау соңында шығармашылық ізденістерімен танылған педагог-психологтар анықталды. І орынды Т.Рысқұлов ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебінің педагог-психологі Батанова Динара, ІІ орынды Шу ауданы, О.Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі Сейдехали Жанерке, Жамбыл ауданы, №1 орта мектебінің педагог-психологі Қарақожаева Жаухар, Меркі ауданы, №3 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологі Алпысбаева Бағдат, ІІІ орынды Жуалы ауданы, №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің педагог-психологі Чукенова Бақыткүл, Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологі Момынова Алуа және Мойынқұм ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің педагог-психологі Имамбердиева Жулдыз иеленді.

«Мектеп жасындағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностика құралдарының жүргізілу жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп, 2023 жылдың 17 ақпан күні Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибесін тарату мақсатында педагог-психологтарға арналған «Мектеп жасындағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностика құралдарының жүргізілу жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 108 педагог қатысты.
Іс-шара барысында «Психологиялық диагностика жүргізу құралдары», «Инструменты проведения психологической диагностики», «Оқушының жеке психологиялық-педагогикалық профилі», «Мамандық таңдау стратегиялары», «Мінезді ескере отырып, кәсіби бағдарлау диагностикасы», «Индивидуальный психолого-педагогический профиль ученика» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар мектептегі психологиялық қызмет жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік көмектер алды.

Мемлекеттік аттестациядан өтетін мектептердің химия пәнінің педагогтеріне облыстық семинар өтті

2023 жылдың 10 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мемлекеттік аттестациядан өтетін білім беретін мекемелеріндегі химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Химия пәнін оқыту ерекшеліктері мен білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында Байзақ (М.Әуезов атындағы орта мектебі, Көктал орта мектебі, Н.Гоголь атындағы орта мектебі, №1 мектеп-гимназия), Жамбыл (Б.Тайшапұлы атындағы орта мектебі, Ә.Тарази атындағы тірек мектебі), Қордай (№13 орта мектебі, Бұлар батыр атындағы №19 орта мектебі, №22 орта мектебі, М.Әуезов атындағы орта мектебі, І.Жансүгіров атындағы орта мектебі, Ж.Жабаев атындағы №26 орта мектебі, Р.Қунақова атындағы №35 орта мектебі, Ж.Молдағалиев атындағы негізгі мектебі, О.Бөкей атындағы негізгі мектебі), Меркі (№16 орта мектебі, М.Мәметова атындағы №13 орта мектебі, №34 орта мектебі, №44 орта мектебі), Т.Рысқұлов (№3 орта мектебі, Ақтоған орта мектебі), Сарысу (Д.Сенбин атындағы орта мектебі, Шағалалы негізгі мектебі, Үшарал негізгі мектебі, Т.Әубәкіров атындағы негізгі мектебі), Талас (М.Жұмабаев атындағы орта мектебі), Шу (№40 мектеп-лицей, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы, М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, Т.Әшімбаев атындағы орта мектебі, А.Макаренко атындағы орта мектебі, М.Дулати атындағы орта мектебі, Жиенбет негізгі мектебі) аудандары мен Тараз қаласының (№6 орта мектебі, №13 орта мектебі, №23 орта мектебі, М.Маметова атындағы №27 орта мектебі, Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы, А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі, №46 орта мектебі, Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі, №57 орта мектебі) 45 мектебіне облыстық семинар өтті.
Вебинар барысында педагогтерге химия пәнін оқытудың ерекшеліктері, әдістемелік бірлестік жұмысы, тәлімгерлік, бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және оларға қойылатын талаптар, педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

«Lesson study-тәсілінің сабақты тиімді жоспарлауға ықпалы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында «Lesson study-тәсілінің сабақты тиімді жоспарлауға ықпалы» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға 259 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мемлекеттік аттестациядан өтетін жалпы орта білім беретін мекемелердің бастауыш сынып мұғалімдері Lesson Study мақсаты мен тиімділігі, проблемалық сұрақты дұрыс таңдап алудың маңыздылығы, LS іске асыру барысында білім алушылардың топпен және жұппен жұмыс жасау, сын тұрғысынан ойлау дағдыларының даму траекториясын бақылау, рефлексия жүргізу, бірлесіп сабақ жоспарлау бойынша тәжірибе алмасты.

Облыстық тәжірибелік семинар өтті

2023 жылдың 10 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларды шешудің тиімді жолдары» тақырыбында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған тәжірибелік семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – физика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.
Семинар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, мәселені бірлесе шешу мен креативті ойлау дағдыларын жетілдіру аясында берілетін мәнмәтіндік тапсырмалардың өзектілігі, құрылымы мен ерекшеліктері, оларды шешудің тиімді әдістері көрсетілді. Педагогтерге ақпараттық-әдістемелік көмек беріліп, дидактикалық материалдардың электронды нұсқалары таратылды.
Аталған іс-шараға облыстан 159 физика пәнінің мұғалімдері қатысты.