ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалымен бірлесіп, 2024 жылдың 26 ақпан күні «Жетекші мектеп қызметі: мәселелер және шешу жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге аудандық, Тараз қалалық оқу-әдістемелік кабинет әдіскерлері, жетекші мектеп директорлары мен директордың орынбасарлары, үйлестірушілер барлығы 70 педагог қатысты.
Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының директоры Г.Тортаева 2023 жылда атқарылған жұмыстың қорытындысы, 2024 жылға мақсаттар мен міндеттер, жетекші мектептің серіктес мектептермен бірлескен жобалау және зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру, жетекші мектептің серіктес мектептермен желілік өзара әрекеттесудің тиімді жолдарын талқылау сұрақтары аясында, ПШО Тараз қаласындағы филиалының аға менеджерлері Ш.Альтаева, А.Джурунова және Байзақ ауданы №4 мектеп-лицейі директорының орынбасары Г.Абанова, Тараз қаласы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектеп директорының орынбасары Г.Идиятова, Меркі ауданы №5 Ақарал мектеп-гимназиясының директордың орынбасары Д.Байтанаева, Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназиясы директорының орынбасары А.Маталиева жетекші мектептің серіктес мектептермен бірлескен жобалау және зерттеушілік жұмыстарын жүзеге асыру, серіктес мектептердің кәсіби қоғамдастығы мұғалімдеріне арналған оқытушылық, педагогикалық тәжірибені тарату шараларын сабақты зерттеу нәтижелеріне негіздеу бойынша тәжірибелерін таратты.