Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалымен бірлесіп, 2024 жылдың 5 наурыз күні «Сабақты зерттеу (Lesson Study) - серіктестік мектептерге кәсіби қолдау көрсетудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Іс-шараға аудандық, қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері, мектеп директорларының оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасарлары мен мектеп тренерлері, барлығы 150 адам қатысты.
Облыстық семинарда Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының аға менеджері А.Тоқтағанова мен А.Джурунова сабақты зерттеу тәсілінің модельдері, зерттеу сұрағын құрылымдау, зерттеу мақсаты мен сабақты өткізу, бақылау, талқылауды жүргізу жолдарына тәжірибеден мысалдар келтірілді. Зерттеу сабағын талдау модельдері, рефлексиялық жазба жазу қадамдарында қолданылатын тәсілдер ұсынылып, Сабақты зерттеуді деректер негізінде талдау бойынша қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

«СабақTime» жобасы аясында «Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі» тақырыбында семинар-практикум өтті

Облыстық оқу-әдістемелік орталығы «СабақTime» жобасы аясында 2024 жылдың 12 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі» тақырыбында семинар-практикум өтті.
«СабақTime» жобасынның тәжірибелік бөлімінде Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының мұғалімі А.Имамбекова 4 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Жер ғаламшарына қамқорлық жасаймыз», Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.Талипбекова 4 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Жердің жүрегін тыңдайық», Тараз қаласы №8 гимназиясының мұғалімі Ж.Ауелбекова 1 «А» сыныбында ана тілі пәнінен «Наурыз. Сөйлемдегі сөздердің байланысы», Тараз қаласы №40 гимназиясының мұғалімі А.Намазбаева 1 «Е» сыныбында «Решение задач и уравнений», Тараз қаласы №12 мектеп-гимназиясының мұғалімі М.Каработонова 4 «Б» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Жердің жүрегін тыңдайық. Жер ғаламшарына қамқорлық жасаймыз», Тараз қаласы №40 гимназиясының мұғалімі Т.Пименова 4 «Б» сыныбында орыс тілі пәнінен «Глагол. Обобщение. Умная страничка» тақырыптарында ашық сабақтар өтті.
Аталған іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар үлгілерін көрсете отырып, оқушылардың кең ауқымды дағдыларды арттыруға бағытталған тапсырмаларды тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Семинар-практикумға 48 педагог, 152 оқушыға жуық қатысты.

«Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінен білім алушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2024 жылдың 12 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінен білім алушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Вебинар барысында педагогтерге тарих пәнінен білім алушыларды тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары, тест түрлері мен контекстік тапсырмалардың ерекшеліктері, тест спецификациясы, оқулықтар, тест нұсқалары, дайындық жұмыстарының бағыттары, тарихи құжаттар, карта, деректер мен сызбалармен жұмыс түрлері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәнінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің мұғалімдері, барлығы 189 педагог қатысты.

«География сабақтарында АКТ - ны қолдану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семиннар өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 наурыз күні «География сабақтарында АКТ - ны қолдану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті.
Облыстық іс-шара барысында мұғалімдерге география сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 162 педагог қатысты.

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика пәнінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті

2024 жылдың 6 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының озық тәжірибелі математика пәнінің мұғалімдері «Математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды шығару практикумы», «Оқушыларды ҰБТ-ға жүйелі дайындау алгоритмі», «Система подготовки учеников к МОДО» тақырыптарында математика пәнінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті.
Семинар барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалардағы проблемаларды анықтау, талдау және ББЖМ-де,ҰБТ-да кездесетін есептерді орындаудың тиімді жолдары мен шешудің әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы ұсынымдар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Педагогтер өзара іс- тәжірибесімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың 189 педагогі қатысты.