Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты  болдырмау мәселелері»  тақырыбында  онлайн  режимінде облыстық  вебинар өтті

2021 жылдың 25 ақпан  күні директордың  құқықтық,  тәрбие  ісі   жөніндегі  орынбасарларына,  сынып жетекшілерге  арналған  «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты  болдырмау мәселелері» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық   вебинар өтті.  Аталған іс-шараға барлығы  123  педагог  қатысты.  

Вебинарға қатысушылар тәрбиенің құқықтық бағыты  бойынша жүргізілетін  жұмыстарды  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік көмектер  алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

«9 сыныптарда тарих пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне вебинар  өтті

         2021 жылдың  24 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдеріне арналған «9 сыныптарда тарих пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында вебинар  өтті.

         Іс-шара барысында тарих пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері, форматқа енгізілген өзгерістер, емтихан жұмыстарының сипаттамасы, балл қою кестесі, тапсырмаларды құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,              148 тарих пәні мұғалімі, барлығы 159 педагог қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін 2021 жылдың 25 ақпанында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында облыстық онлайн кеңес өтті.

Іс-шара барысында Меркі ауданы №5 Ақарал мектеп-гимназиясының, В.Савва атындағы №9 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс түрлерімен, бағыттарымен, озық педагогикалық тәжірибе мен ғылыми-әдістемелік жұмысты қалыптастыру жолдарымен, жас мамандармен тәлімгерлік жұмысының барысы және бірлестік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен бөлісті.

          Облыстық онлайн кеңеске аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 120 педагог қатысты. 

ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ

2021 жылдың 25 ақпанынды Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен                        «Ауыл мектебі» жобасы аясында «Мектеп әкімшілігінің қызметін сапаға бағыттау арқылы оқу-тәрбие процесін жүйелі ұйымдастыру» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті.

Онлайн-кеңес жұмысына Жамбыл ауданының Б.Бесбаев мектеп-гимназиясы және Байзақ ауданының Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің директорлары мен орынбасарлары, фокус-топтар педагогтары, барлығы 50 адам қатысты.

            Облыстық онлайн-кеңес барысында қатысушыларға «Ауыл мектебі» жобасы аясында мектеп әкімшілігінің қызметін сапаға бағыттау, білім алушылардың білім сапасын жақсарту жұмыстарын жүйелеу, педагог кадрлардың шығармашылық әлеуетін арттыру,                                  БЖБ, ТЖБ жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуы сондай-ақ, оқу-тәрбие процесін жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша   тиімді әдіс-тәсілдер бойынша ақпараттық-әдістемелік  көмектер көрсетілді.