Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

                БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ

2022 жылдың 13 қазанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық онлайн-семинар өтті. Семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің және білім басқармасына қарасты мектеп басшылары қатысты.
Іс-шарада білім мекемелерінде оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және оларды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды үйлестіру, құқықтық тәрбиені нығайту, мектептегі тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру, мектеп директорларының білім алушыларды күтіп алуы мен шығарып салуы, мектеп психологтарының қызметінің сапалы ұйымдастырылуы, ата-аналармен ерекше форматтағы жиналыстарды ұйымдастыру, ата-аналардың балаларымен «Еркелету сағаттарын» өткізу мәселелері туралы айтылды.
Іс-шара соңында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.А.Усерова атқарылып жатқан жұмыстар туралы мазмұнды ақпараттар беріп, тәрбие бағытындағы жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын ұсынды.

2022 жылдың 13 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Құндылықтарға бағытталған тәрбие қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық шеберлік сынып (zoom бейнебайланыс режимінде) өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 300 педагог қатысты.
Іс-шара барысында Сарысу ауданы білім бөлімінің әдіскері Б.Бетаеваның, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықованың «Құндылықтарға бағытталған тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары», Абай атындағы орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Тусипованың «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асырылуы, Үшбас орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Рысдаулетовтың «Отбасы құндылықтарын жүзеге асыру мақсатында атқарылатын «Отбасы орта мектеп» жобасының маңызы, Әйтеке би атындағы орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Бүркітбаеваның «Адамгершілік құндылықтардың әдістемелік жолдары» тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетіліп және озық іс-тәжірибелерімен ой бөлісті, қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 12 қазан күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Білім беру ұйымдарында репродуктивті денсаулықтың алдын алу бойынша жүргізілетін әлеуметтік-психологиялық жұмыстардың маңыздылығы» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтардың озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 100 педагог қатысты.
Іс-шара мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Қордай ауданының педагог-психологтары Абуева Меруерт Серікбайқызы, Базарбаева Гулира Касымалиевна, Тұрғынбаева Зульфия Әбдімомынқызы және Бошаева Гүлзада Сәрсебайқызы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

2022 жылдың 13 қазан күні білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, суицидтің, жасөспірімдердің психологиялық-әлеуметтік репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша, кибербулинг пен киберқылмыстың, қатыгездіктің алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің меңгерушілеріне, тәрбие, құқық жұмысына жауапты әдіскерлеріне және психолог әдіскерлеріне арналған әдістемелік кеңес өткізілді, барлығы 43 әдіскер қатысты.

«Особенности уровневого обучения русскому языку в школах с нерусским языком обучения»
тақырыбында облыстық вебинар өтті
2022 жылдың 7 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық вебинар өтіп, орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілін деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері, тәсілдері мен принциптері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 100 педагог қатысты.