Мемлекеттік аттестациядан өтетін мектептердің тарих пәнінің педагогтеріне облыстық вебинар өтті
2023 жылдың 25 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарих пәнін оқыту ерекшеліктері мен білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында Байзақ (М.Әуезов атындағы орта мектебі, Көктал орта мектебі, Н.Гоголь атындағы орта мектебі), Жамбыл (Б.Тайшапұлы атындағы орта мектебі, Ә.Тарази атындағы тірек мектебі), Қордай (№13 орта мектебі, Бұлар батыр атындағы №19 орта мектебі, №22 орта мектебі, М.Әуезов атындағы орта мектебі, І.Жансүгіров атындағы орта мектебі, Ж.Жабаев атындағы №26 орта мектебі, Р.Қунақова атындағы №35 орта мектебі), Меркі (№16 орта мектебі, М.Мәметова атындағы №13 орта мектебі, №34 орта мектебі, №44 орта мектебі), Т.Рысқұлов (№3 орта мектебі), Сарысу (Д.Сенбин атындағы орта мектебі), Талас (М.Жұмабаев атындағы орта мектебі), Шу (№40 мектеп-лицей, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы, М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, Т.Әшімбаев атындағы орта мектебі, А.Макаренко атындағы орта мектебі) аудандарының, Тараз қаласының (№6 орта мектебі, №13 орта мектебі, №23 орта мектебі, М.Маметова атындағы №27 орта мектебі, Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы, А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі, №46 орта мектебі, Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі, №57 орта мектебі) 34 мектебіне облыстық вебинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.
Вебинар барысында педагогтерге тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері, әдістемелік бірлестік жұмысы, тәлімгерлік, жас мамандармен жұмыс жүргізу бағыттары, ҰБТ-ге дайындық, бағалау қағидаттары, бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және оларға қойылатын талаптар, БЖБ, ТЖБ тапсырмалары бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 9 әдіскер, 78 тарих пәнінің мұғалімі, барлығы 87 педагог қатысты.