Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

Облыстық дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 8 ақпан күні «Асыл Мирас» аутизм орталығының базасында мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы мамандары үшін «Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалардың проблемалық мінез-құлқын түзету, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімделу үшін қолданбалы мінез-құлық талдауы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға 43 маман қатысты.
Дөңгелек үстел барысында аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды ADOS-2 тексеру құралының диагностикалық тексеру модульдері, бұзылыстың дәрежесі бойынша балалардың шартты санатын белгілеу, дамуындағы жақын аймағын анықтау, балалардағы әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру, түзете-дамыту процесіне қатысуға дайындығы және сәйкес келетін деңгейлеріндегі психофизикалық мүмкіндіктерді дамыту, ерте жастан қолдау бағдарламаларының мақсат-міндеттері, нәтижелері таныстырылды. Аутистік спектрі бұзылған балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту және оқу дағдыларын меңгерудегі тиімді әдістер туралы мағлұмат беріліп ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

«СабақTime» жобасы аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың тиімді жолдары» атты облыстық ашық сабақтар циклы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 8 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі педагогтері Тараз қаласы Ә.Бөкейханұлы атындағы №1 гимназиясының 8-10 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шараның теориялық бөлімінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау мәселелері талқыланды. Заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары сөз етілді.
Академиялық жыл аяқталған кезде оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысандағы нақты оқу мақсаттары талданып, әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану жолдарын таныстырып, пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтер, Тараз қаласы, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Инкарбаева 8 сыныпқа «Мен елімнің ертеңімін», Байзақ ауданы, Бурыл орта мектебінің мұғалімі А.Ашенова 9 сыныпқа «Қазақстан – 2050» стратегиясы, Шу ауданы, Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мұғалімі Б.Тастанбекова 8 сыныпқа Ы.Алтынсарин «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі, Меркі ауданы, Иван Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.Жанибекова мен Жамбыл ауданы, Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Д.Қайтанова 8 сыныпқа «Ұрпақ тәрбиесі-ұлағатты іс» тақырыптарында ашық сабақтар өтті.
Облыстық ашық сабақтар цикліне 51 педагог, 105 оқушы қатысты.

Информатика пәні мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен «TARAZ HIGH SCHOOL» мектебінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 31 қаңтар күні информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Мектеп бітірушілерді информатика пәнімен байланысты мамандықтарға бейімдеу және ҰБТ-ге дайындық сапасын арттыру» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындаудың тиімді әдістерін тарату, тәжірибе бөлісу мақсатында өткен іс-шараға барлығы 57 педагог қатысты.
Іс-шара барысында «Информатика пәнін оқытудағы тәжірибеге бағытталған тапсырмалар», "Модульдер арқылы оқушыларды ҰБТ-ге дайындау" тақырыптарында баяндамашылар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, «Python бағдарламалау тілі бойынша күрделі оқу мақсаттарын жоспарлау» тақырыбында шеберлік сыныбында программалау тілін оқытудың тиімді тәсілдері көрсетілді.

"Білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие жұмыстарын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың бағыттары"
тақырыбында облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 2 ақпан күні құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында "Білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие жұмыстарын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың бағыттары" тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына онлайн семинар өткізілді. Іс-шараға 252 педагог қатысты.
Семинар барысында Жамбыл ауданы, Т.Тоқтаров атындағы, Б.Бесбаев атындағы мектеп гимназияның, № 3 орта мектебінің директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары "Құқықтық – сауатты мектеп", "Білім алушылар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстарының жүргізілуі","Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ", "Отбасындағы - құқықтық мәдениеттің маңызы" тақырыптарындағы жүргізілген жұмыстарының тиімді тұстарын көрсете отырып іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениет және оның маңыздылығы, құқықтық тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.

ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

2024 жылдың 1 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің 2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылға арналған міндеттерін талқылау бойынша кеңес өткізді. Іс-шараға әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.
Іс-шара барысында Жуалы, Жамбыл, Мойынқұм аудандарының білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің 2023 жылы атқарылған жұмысының қорытындысы, 2024 жылға арналған міндеттері бойынша әдістемелік кабинет меңгерушілері Е.Жүзбаев, Н.Жампеисова, Ә.Илькибаева баяндама жасады.
Семинар-кеңестің қорытындылау кезеңінде облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ш.Усерова қатысушыларға аудандар мен Тараз қаласы білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің жоспарлы жұмыс жүйесі туралы, педагогтердің курсаралық кезеңде біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-шараларды ұйымдастыру, 2024 жылы алға қойылған міндеттерді нақтылап, білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің сапалы ұйымдастырылуы бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.