Орта білім беретін үздік ұйым - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

2019 жылы облыстық "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын беру конкурсын өткізу  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы №26 желтоқсандағы №544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің   2016 жылғы 22 қаңтардағы №67 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес өткізіледі.

. Білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды:

1) Конкурсқа қатысуға өтінімді;

2) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды тапсырады.

  1. Конкурстық комиссияның қарауына қабылдаудың белгіленген мерзімінде тапсырылған құжаттар «Гранттар конкурсы» деген белгі қойылған конвертте қабылданады.
  2. Құжаттарын, құжаттар қабылдаудың белгіленген мерзімінен кеш ұсынған білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

  Облыстық  «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсына                                      қатысу үшін құжаттар  қабылдау 2019 жылдың  мамыр айының 10-на дейін  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында  (Х. Бектұрғанов көшесі, №6 үй, №204 каб.) сағат  09.00-ден 17.30-ға дейінгі уақытта (13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен)  қабылданады.

    

                                                                     Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы

оқу-әдістемелік кабинетінің

«Білім сапасын басқару және менеджмент» бөлімі