- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мен дамытудағы тарихи рөлі»;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеяларының негізінде оқушыларды отансүйгіштікке, ізгілікке және көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу;
- «Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизм негізі».
Конференцияның мақсаты - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алатын орнын, өмірі мен қызметін, саяси тұлғасының толыққанды танытатын ерекшеліктерін, қазақ елінің дамуы мен гүлденуіне сіңірген еңбектерін насихаттау.
Іс-шара барысында Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«Дарын» мектеп – интернатының тарих пәнінің мұғалімі М.Бегілдаеваның «Елбасының тапсырмалары: Ұлы даланың жеті қыры», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., доценті С.Бақторазовтың «Елбасы Жолдауы – сөзден іске көшуге жетелейді», Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Өнер және мәдениет» факультетінің деканы, п.ғ.к Л.Ибраимованың «Педагог мәртебесі», Тараз қаласы, №8 гимназиясының директоры Ә.Әзімбайұлының «Елбасы және Қазақстандық білім беру модельнің қалыптасуы», Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжі директорының шет тілі жөніндегі орынбасары М.Оспановтың «Білімді жастар – болашақ тұтқасы», Тараз қаласы №24 гимназиясының мұғалімі, республикалық «Үздік педагог-2018» байқауының жүлдегері Н.Полухинаның «Лидер наций – гордость наций» және т.б тақырыптарда баяндамалар тыңдалды.
Сондай-ақ, пән мұғалімдері мен тәрбие саласына жауапты мамандардың ғылыми ізденіс жұмыстарында еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту жолдары, білім беру жүйесіндегі тың өзгерістер мен жаңалықтар және егеменді ел ұрпағын тәрбиелеу мәселелері жан-жақты сараланып, таныстырылды.
Конференция барысында «Елбасы – ел тірегі!» атты қолөнер бұйымдарынан және суреттер көрмесі қойылды.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде резолюциясы қабылданды және ғылыми материалдар «Ұлт көшбасшысы – тәуелсіздік кепілі» тақырыбындағы конференция материалдарының жинағы шығарылды.