ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылына арналған жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні Жетекші мектептердің жұмысына жауапты әдіскерлеріне арналған «Жетекші мектеп: дамудың перспективті жоспары» тақырыбында онлайн режимінде дөңгелек үстел өтті.
Облыстық іс-шараға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директордың орынбасары, Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкерлері, барлығы 41 білім қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін жалпы орта мектептерге тарату барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталықтың қызметкерлері Жетекші мектептер мен серіктес мектептердің және кәсіби ынтымақтастықтағы серіктес мектептердің даму мүмкіндігіндегі инновациялық идеялар туралы диалогтік алаң өткізіліп, мектеп директорлары жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектептің даму жоспарының тиімді құрылуы бойынша фасилитациялық сессия барысында тиімді іс-тәжірибелермен пікір алмасты.