Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы өтті - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

Математика пәні мұғалімдеріне арналған  «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы өтті

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен          педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру мақсатында  2024 жылдың  26-27 наурыз күндері  Өскемен қаласында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы өтті.

    Олимпиаданың нәтижесі бойынша Жамбыл облысының математика пәні мұғалімдерінен құрылған «Лидер» командасы III орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Педагогтердің әрқайсысы III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

    Атап айтсақ, Тараз қаласы "125 Education" ЖШС орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жаңабаев Нұрсұлтан Бақытжанұлы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің  математика пәні мұғалімдері  Ғани Еркеғали Ғаниұлы және  Бәйдібек Диас Асқарұлы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының математика пәні мұғалімі Таубаев Сержан Серікұлы.

   Педагогтарды жеңісімен құттықтаймыз!