«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандарға ашық есік күні өтті - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандарға ашық есік күні өтті

    2024 жылдың 19 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығы «Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының базасында  «Білім берудегі ізденіс және инновациялық тәжірибе» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.

   Іс-шара барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын,  білім сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, PISA халықаралық зерттеуінде, ҰБТ-да, ББЖМ-де кездесетін әртүрлі мән-мәтіндегі тапсырмалар мен мәселелерді шешудің тиімді жолдары, математикалық пайымдау, креативті ойлауды дамыту тапсырмаларын бағалау критерийлерін нақтылап, сабақты тиімді жоспарлау мен оқушылардың күнделікті өміріне қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін тың идеяларымен бөлісті, өзара тәжірибе алмасты, әдістемелік көмек көрсетілді.

  Аталған іс-шараға облыстан 85 жас маман қатысты.