«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия, биология пәндерінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия, биология пәндерінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті

2024 жылдың 15 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының озық тәжірибелі химия, биология пәндерінің мұғалімдері «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру-заман талабы», «Разработка и применение заданий формата МОДО по химии», «Разработка и применение заданий формата PISA по биологии» тақырыптарында жас мамандарға семинар өтті.
Семинар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда PISA халықаралық зерттеуіндегі және ББЖМ-де кездесетін тапсырмаларды құрастыру мен шешудің тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері көрсетіліп, әдістемелік көмек берілді. Педагогтер өзара тәжірибесімен бөлісті. Аталған іс-шараға облыстың 76 педагогі қатысты.