АСТАНА – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИМВОЛЫ - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер


Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары – Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген конференцияның пленарлық бөлімінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорданың жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болуы, мемлекет тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналуы, ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы» атағын алуы, әлемдік астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болуы, ел экономикасының дамуына берген қуатты серпіні туралы пайымды тұжырымдар мен ой-пікірлер айтылды.
Сонымен қатар, «Астана – тарих толқынында» атты кітаптар көрмесі және «Астана – жарқын болашақтың бастауы» атты сурет көрмесі қойылды. Іс-шараның қорытынды бөлімінде конференцияның резолюциясы жарияланды.