Аталған зерттеуге 12-20 наурыз аралығында облыстың 13 білім беру ұйымдары қатысады. Зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің директоры Ерлікжан Сабырұлы жүргізуде.
Зерттеудің алғашқы күні Шу ауданы, Шу қаласындағы Төле би атындағы орта мектебінде басталды.
TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері 2019 жылдың маусым айында жарияланады. Қазақстандық мұғалімдер, директорлар жайлы және де олардың еңбек жағдайлары туралы алғашқы рет объективті әрі басқа елдермен салыстырмалы деректер алынатын болады.