«Алаш арыстары: тарихы мен мұрасы» тақырыбында облыстық онлайн ғылыми жоба байқауы өтті
2021 жылдың 16 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Алаш арыстары: тарихы мен мұрасы» тақырыбында облыстық онлайн ғылыми жоба байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа Алаш қайраткерлерінің өмір жолы, еңбектері мен тарихи мұрасын насихаттау, дарынды жас зерттеушілерді анықтау.
Ғылыми жоба байқауы барысында оқушылар өздерінің ізденіс жұмыстарында Алаш қайраткерлерінің өмір жолы, қызметі, ерен еңбектері туралы зерттеулерін ұсынды. Іс-шара оқушылардың бойында елжандылық, азаматтық және ұлттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етті.
Ғылыми жоба байқауына жалпы орта білім мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары, барлығы 32 оқушы қатысты.
Ғылыми жоба байқауының нәтижесінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Өтеулі Мағжан І орынды, Меркі ауданы №44 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Сарварова Хадижа, Меркі ауданы И.Турбицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Раймбек Аяулым, Т.Рысқұлов ауданы М.Горький атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Махмут Ләйлә ІІ орынды, Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Жамбыл Мерейлім, Меркі ауданы Тілеміс батыр атындағы №4 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Марат Алина, Шу ауданы М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Амангелді Ақжарқын, М.Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қырғызбаев Еркебұлан ІІІ орындарды иеленді. Байзақ ауданы Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жақыпхан Мөлдір, Тараз қаласы №11 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Хуснутдинова Камилла, Тараз қаласы №24 гимназияның 10 сынып оқушысы Лукаш Александр алғыс хаттармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!